Жаңалықтар

Қазақстандағы ең бай кәсіпкерге тиесілі Kaz Minerals 2024 жылдың бірінші тоқсанында мыс өндірісін 0,8%-ға қысқартты

Kaz Minerals компаниясы 2024 жылдың бірінші тоқсанында 94 300 тонна металл өндірді / Фото: kursiv.media, биль-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандағы ірі мыс өндіруші Kaz Minerals компаниясы 2024 жылдың бірінші тоқсанында 94 300 тонна металл өндірді. Көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 0,8% төмен. Бұл туралы компанияның 2024 жылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жариялаған есебінде жазылған.

2024 жылдың бірінші тоқсанында мыс сатылымы 103 000 тоннаны құрады. Бұл өндірістен 9%-ға жоғары.

«Тасымал уақытының қысқаруы транзиттегі материалдар көлемінің төмендеуіне әкелді. Жеткізу уақытын қысқарту топқа алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда барлық жанама өнімдер саудасын арттыруға мүмкіндік берді», – деп жазылған компания есебінде.

Сондай-ақ компания 2024 жылдың бірінші тоқсанында алтын өндірісі 39 200 унцияға дейін өскенін хабарлады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында көрсеткіш 36 500 унция еді. Күміс өндірісі де өткен жылдың сәйкес кезеңінде 837 000 унциядан 878 000 унцияға дейін өсті.

Еске сала ктесек, былтыр мыс өндірісін 6%-ға арттырған. Топ 2022 жылы 380 мың тонна мыс шығарған. Есесіне 2023 жылы алтын өндірісі 5% азайған. Оған Бозымшақта өңделген кендегі металл үлесінің төмендеуі себеп болған.

КAZ Minerals Limited – Қазақстанда ірі мыс өндіруші компания. Топ операциялық іс-қызметін Абай облысында орналасқан Ақтоғай мыс кеніші, Орлов кеніші мен фабрикасында, Павлодар облысындағы Бозшакөл кеніші, Шығыс Қазақстан облысындағы екі кеніш пен кен байыту фабрикасында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді. Топтың негізгі өндірістік кәсіпорындары – Ақтоғай мен Бозшакөл.

Ірі акционерлері – әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі Владимир Ким және Олег Новачук. 2020 жылға дейін олар мыс компаниясының 37,39% акциясына иелік етті. 2020 жылы Ким мен Новачук KAZ Minerals компаниясының барлық шығарылған жарғылық капиталын Nova Resources B.V. арқылы сатып алатындарын хабарлады.