«ШалқияЦинк» компаниясы тағы да шығынға ұшырады
«ШалқияЦинк» компаниясының таза шығыны 661, 337 мың теңгені құрады. 2022 жылғы шығыны 1,55 млрд теңге болған. Бұл мәлімет Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы компанияның аудиттелген қаржылық есебінде жазылған.
Активтері 118 млрд теңгеге өскен. Есепті кезеңдегі компания міндеттемелері 48,4 млрд теңгені құраса, меншікті капиталы 69 млрд теңгеге жетті.
Еске сала кетсек, «ШалқияЦинктің» 2022 жылғы шығыны 1,55 млрд теңгеге жеткен. Ал операциялық шығын 304 млн теңге болса, бір акцияға шаққандағы шығын 0,92 мың теңгеден 1,92 мың теңгеге дейін өскен.
Сонымен қатар 2024 жылдың басында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Компанияның жалғыз акционері – «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының» шешімімен Диана Мосендз Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ – «Шалқия» кен орнында полиметалл кендерін өндіретін тау-кен компаниясы.
Шалқия кен орнының жалпы мырыш қоры Brookhunt зерттеу компаниясының деректері бойынша (2006 жылғы қарашадағы есеп) Қазақстан Республикасының барлық қорларының 30%-дан астамын құрайды.
Жалғыз акционер «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ 100% «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тобына кіретін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» АҚ-на тиесілі.