Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» таза пайдасының 70 пайызын дивиденд төлеуге жұмсады

ҚазАгроқаржы
ҚазАгроҚаржы қанша дивиденд төлейді Фото: kursiv.media

«ҚазАгроҚаржы» таза кірісінің 70 пайызын акционері – «Аграрлық несие корпорациясына» дивиденд төлеуге бағыттайды. Компания 2023 жылы 18,9 млрд теңге таза пайда тапқан.

KASE-ге жолдаған ақпаратында 13,2 млрд теңге немесе бір акцияға 128,84 теңге дивиденд төленетіні жазылған. Қалған 30% немесе 5,7 млрд теңгесі компанияның өзінде қалады.

Мемлекеттік акциялар пакетіне төленетін дивидендтер туралы заңға сәйкес, төлейтін дивиденд мөлшері таза табысының 70%-нан төмен болмауы керек.

«ҚазАгроҚаржы» – Қазақстандағы ауылшаруашылық техникасының лизингі сегментіндегі үлесі шамамен 90%-ды құрайтын жалғыз мемлекеттік компания. 2022 жылдың шілде айында «Бәйтерек» ұлттық холдингі «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының акцияларымен 140,47 млрд теңге көлемінде «Аграрлық несие корпорациясының қосымша шығарылымын төледі. Мәміле нәтижесінде «ҚазАгроҚаржы» соның еншілес ұйымына айналды.

Несие ұйымы ақпанда «Жеңілдікті лизинг» және «Қазақстанда жасалған» жеңілдік бағдарламаларына өтінім қабылдаған. Бұл бағдарламаға лизингпен техника және отандық көлік жабдықтарын алғысы келген фермерлер өтініш берген.