Ұлттық экономика министрі «Даму» қоры директорлар кеңесінің төрағасы болды
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған ақпаратта жазылған.
Қазір «Даму» қорының директорлар кеңесінің құрамы 5 адамна тұрады: Нұрлан Байбазаров, Елена Бахмутова, Райымбек Баталов, Рустам Қарағойшин, Гаухар Бурибаева.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 1997 жылы сәуірде құрылды. Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдаумен айналысады. «Даму» АҚ – жалғыз акционері «Бәйтерек» холдингі, ол өз кезегінде Қазақстан үкіметіне тиесілі.
Байбазаров Ұлттық экономика министрі лауазымына 2024 жылдың 6 ақпанында тағайындалған еді. Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары қызметін қоса атқарады.
2023 жылдың қазан айына дейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің» басшысы болған.