Жаңалықтар

Раисидің өлімінен кейін Иран президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеуді бастады

Иран президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеуді бастады / архив kursiv.media

Иранда Эбрахим Раисидің ұшақ апатынан қайтыс болуына байланысты мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. 5 күнге созылатын үміткерлерді тіркеу 30 мамырда ресми түрде басталды. 

DW ақпаратына сүйенсек, мерзімінен бұрын сайлау 28 маусымда өтеді. Тіркелу үшін үміткерлер 30 мамыр мен 3 маусым аралығында Иранның ішкі істер министрлігіне келуі керек.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін 12 мүшеден тұратын Конституциялық қамқоршылар кеңесі идеологиялық критерийлер бойынша үміткерлерді сайлауға өткізу туралы шешім шығарады. Кеңес мақұлданған кандидаттардың соңғы тізімін 11 маусымда жариялайды. 

Саясаткерлер сайлау науқанына дайындалып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге екі апта уақыт беріледі. Егер кандидаттардың ешқайсысы сайлаудың бірінші турында көп дауыс жинамаса, 5 шілдеде сайлаудың екінші туры өтеді.

Президент – Ирандағы маңыздылығы жөнінен екінші орындағы лауазым. Ол өкілетті орган ретінде елдегі атқарушы билікті-үкіметті басқарады. 4 жыл мерзімге сайланып, қызметті қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды. 

Президенттен жоғары лауазымға Рахбар (немесе факих – ред.) ие. Рахбарды жоғары конституциялық кеңес діни лауазымы жоғары үміткерлер арасынан таңдайды. Ол елдің қарулы күштері мен құқық қорғау органдарын басқарады. 

19 мамыр кешке Иранның Tasnim басылымы Ибрахимом Раиси мен Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиан мінген тікұшақтың Шығыс Әзербайжан аймағында апатқа ұшырағанын жазған.

Қызыл Ай ұйымының ирандық құтқарушылары Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ құлаған сәтте оның жолаушыларының барлығы қайтыс болғанын хабарлады. 10 сағаттан артық іздеу жұмыстарымен айналысқан құтқарушылар толыққанды жанып кеткен тікұшақты ғана тапқан.

20 мамыр күндіз Иранның ресми билігі президенттің тікұшақ апатынан қайтыс болғанын ресми түрде растады.

Бортта Раисимен бірге Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдулахиан, Аятолла аль-Хашем, имам Джума-Тебриза да болған. Ибрахим Раисидің Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Арас өзені бойындағы плотнинаның ашылуына қатысуды жоспарлаған.