Ресейлік компания Түркістан облысында әлемдегі ең үлкен жылыжай салады
Ресейлік «ЭКО-культура» компаниясы Түркістан облысында жылына 240 мың тонна көкөніс өсіруге мүмкіндік беретін әлемдегі ең үлкен жылыжай кешенін салады. Премьер-Министр Олжас Бектенов пен «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің президенті Александр Рудаковпен жылыжай құрылысын талқылады.
«ЭКО-культура» — 13 жыл бойы тұрақты дамып келе жатқан, жабық топырақта экологиялық таза көкөніс өсіретін ірі агроөнеркәсіптік холдингтің бірі. Бір жыл ішінде өндірген өнім көлемі 300 мың тоннадан асады. Холдингтің иелері – 49% акцияға ие Ирина Ашинова және 51% үлесі бар Рудаков. Жылына өндірілетін өнім көлемі 300 мың тоннадан асады. Холдингтің президенті – Вадим Шаблаков.
Жылыжайдың жалпы ауданы 500 га жерді құрайды. Бүгінгі таңда 51 га жер учаскесінде жылыжай ашудың бірінші кезеңі жүзеге асырылуда. Онда жылына 28 мың тоннадан астам қызанақ өсірілетін болады. Өндірілетін өнім ішкі нарыққа және экспортқа жіберіледі. Жобаның бірінші кезегін келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар. Александр Рудаковтың айтуынша, бұл әлемдегі ең ірі жылыжайлардың бірі болмақ.
«Бізде ішкі нарықты қамтамасыз етіп, өнімді экспорттауға толық мүмкіндік бар. Бүгінде біз ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруді және экспорт көлемін одан әрі арттыруды мақсат етіп отырмыз. Аталған бағытта біз инвесторларды тартуға мүдделіміз және ауқымды жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы биліктің инвесторлар тартуға мүдделі екенін және ауқымды жобаларды жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Айта кетейік, Түркістан облысында инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында өндірістік паркте медициналық өнімдер, мектепке арналған жиһаздар мен өнеркәсіптік тоңазытқыштар шығарылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «BNK Group» ЖШС су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорын құрса, «Aqniet Holding» ЖШС мектепке арналған жиһаздар, ал украиналық «UBC Group» компания өнеркәсіптік тоңазытқыштар шығарады.