Гетенің өмір салты, «ақ патша» деген кім: Qalam-ның апта таңдауы
Демалыс күні асықпай оқу үшін, Qalam порталында жарияланған қызықты материалдар топтамасын ұсынамыз.
Топтамада Гетенің өмір сүру салтымен танысып, қазақтар неге орыс патшасын «ақ патша» деп атады деген сұраққа жауап алып, Алтын Орда ыдыраған соң 15 ғасырдапайда болған Астрахан хандығының тарихына тоқталамыз.
Одан бөлек қазақ танымында «іңкәр сағыныш» пен «азат рухты» қандай түспен бейнелейтіні туралы оқып, Qalam таңдаған түсініксіз, бірақ желіде кеңінен танымал мамыр айының сөзімен танысамыз.
Гетенің өмір сүру салты
Иога́нн Во́льфганг фон Гёте (1749-1832) – неміс халқының бары мен нәрі: ұлы ақын, драматург, энциклопедис, мемлекет қайраткері. Оның өмір, әйелдер, шарап, математика және жеке басының ұлылығы туралы ойы керемет болғанмен келіспейтін тұстары да бар. Материал сілтемеде.
Қазақтар неге орыс патшасын «ақ патша» деп атаған?
Тарихшылар осы күнге дейін неше түрлі болжам жасап, біраз нәрсені былықтырып үлгерген. Бірақ бәрі біз ойлағаннан да қарапайым, дегенмен ашылмаған сырлары әлі де бар сияқты. Материал сілтемеде.
Ұмыт қалған бір патшалық тарихы
Саудагерлер мен қажылыққа аттанған жолаушылар үшін маңызды жолдардың торабында орналасқан, ұмыт болған мемлекет жөнінде атақты шығыстанушы Илья Зайцевтің материалында.
Қоңырға оралу
Кейбір тілде ол дәммен байланысты, кей тілде тағам не сусын түрін сипаттайды, ал қазақ тілінде метафизикалық мәнге ие. Ол тек қана бір заттың түсін білдіріп қана қоймай, іңкәр сағыныш пен азат рухты да бейнелейді.
Ай сөзі: Слоп.
Айына бір рет Qalam бізді қоршаған әлемді түсіну үшін маңызды сөзді таңдап, оның мағынасының қыр-сырына терең бойлауға тырысады. Мамыр айында әлемде «слоп» деген жаңа сөз пайда болды (ағылш. slop – жуынды). Бұл сөз нені білдіреді, алты саусақты адамдардың бұған қандай қатысы бар?
Демалыс күндерін пайдалы өткізіп, Qalam-ды оқыңыз!