Жаңалықтар

Мемлекеттің басты басымдығы жас азаматтардың құқығын қорғау: Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Мемлекеттің басты басымдығы жас ұрпақтың құқығын қорғау / akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталады», – делінген Ақорда хабарламасында.

Тоқаев өз құттықтауында мемлекеттің басты басымдығы жас ұрпақтың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтауекендігін атап өтті.

«Мен жас ұрпақ Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарын нақты жүзеге асырып, «Адал азамат» тұжырымдамасының озық идеалдарына толық сай болады деп сенемін. Ол үшін біз бүкіл қоғам болып жалпыұлттық құндылықтарымызды ұрпақтың бойына сіңіруіміз және оларды еңбекқорлық пен білімпаздыққа баулуымыз керек. Сондай-ақ төл тарихымыз бен мәдениетімізді құрметтеуге үйретуіміз қажет», – деді президент.

1  маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні немесе Халықаралық балалар күні жыл сайын өткізілетін балаларды соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау мақсатында атап өтілетін халықаралық мейрам.