SpaceX зымыранының бір бөлігі АҚШ-тағы кемпингке құлады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
SpaceX зымыранының бір бөлігі АҚШ-тағы кемпингке құлады / Space.com

АҚШ-та миллиардер Илон Масктың SpaceX компаниясы зымыранының бір бөлігі Солтүстік Королинадағы Кентон таулары маңындағы кемпингке құлаған. 

Space ақпаратына сүйенсек, Солтүстік Каролинадағы кемпинг қызметкері Джастин Клонц көміртекті талшық пен металлдың күйдірілген фрагментін тапқан. Ол өзі тапқан қоқысты экспонатқа айналдырып, арнайы орында сақтап, туристерге көрсетуді көздеп отыр.

Бұл Crew-7 миссиясы үшін ұшқан Dragon зымыранының қызмет көрсету модулінің бөлігі. Зымыран наурыз айында Халықаралық ғарыш айлағынан жерге оралған.

SpaceX компаниясы алдағы маусым айында Starship ғарыш кемесінің прототипі болып есептелінетін зымыран тасығышының төртінші сынақ кезеңіне дайындалуда. Компания басшысы Илон Маск Х желісінің (бұрынғы Twitter) парақшасында кеме суретін жариялап, оны ұшыруға қамданып жатқаны туралы жазған еді. Желі қолданушысының бірі осы жобаның мақсатын, жүзеге асатын уақытын сұраған.

Компания Starship зымыраны 3-4 жылдан кейін Марсқа ұшады деп жоспарлап отыр. Америкалық кәсіпкер сол ғаламшардан жұмыс базасын құратынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз