Жаңалықтар

Қытай зымыраны айдың қараңғы бетін зерттеуге кірісті

ru.freepic

Мамыр айында ғарышқа ұшқан «Чаниэ-6» кемесі Жер серігінде межеленген учаскеге алғаш рет қонды. Айдың қараңғы бөлігіне бұған дейін біздің ғаламшардан бірде-бір техника жеткен жоқ.

2 маусым күні Бейжің уақытымен сағат 6:23-те жабдық белгіленген нүктеге орналасты. «Чаниэ-6» өзінің ғажайып миссиясын сәтті орындаса, айдың беткі топырағы мен жынысынан құнды материалдар алып келеді. Айдың оңтүстік полюсіндегі зор кратерден сынама зерттеледі.

3 мамырда кеңістікке шыққан «Чаниэ-6» шілденің алғашқы жексенбісіне дейін орталық басқару органынан бұйрық күткен. Ай бетіндегі модуль үш күн бойы мағлұмат жинайды. Ғалымдар жер серігінен алынған жыныс кесегінің химиялық құрамынан ғаламшардың түзілу жолы жөнінде маңызды ақпарат білуі мүмкін.