Ресейде алғаш рет қазақстандық ЖОО-ның филиалы ашылады

Жарияланды
Омбыда ҚазҰУ-дың филиалы ашылады /Фото omskinform.ru сайтынан

Ресейдің Омбы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады. Бұл жөнінде «Омск-информ» басылымы хабарлады.

Осыған байланысты құжатқа РФ ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевский мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев қол қойды. Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко екі ел университеттерінің бірлесіп атқаратын жобалары өте маңызды екенін айтты.

– Ресейде қазақ университетінің алғашқы филиалының ашылуы – біздің облыс үшін ғана емес, еліміз үшін де айтулы оқиға. Біздің университет осы шетелдік оқу орнының базасы болу құрметіне ие болғанына қуаныштымыз. ҚазҰУ-мен өзара іс-қимылымыз ұзақ мерзімді және жемісті болатынына сенімдімін, – деді Омбы мемлекеттік университетінің ректоры Сергей Замятин.

Қазақстан ұлттық университетінің ректоры Ж. Түймебаев Қазақстанда ресей университеттерінің 10 филиалы жұмыс істейтінін атап өтті. Ресей аумағында отандық жоғары оқу орнының филиалы алғаш рет ашылғалы отыр.  Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласында орналасқан.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Таразда гидромелиоративтік-құрылыс институты қалпына келтірілетінін хабарлады. Жаңа ұлттық Су шаруашылығы университеті М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында құрылады

Сондай-ақ оқыңыз