ОПЕК+ 2025 жылға дейін мұнай өндірісін қысқартуға келісті

Жарияланды (жаңартылды )
Страны, не входящие в ОПЕК, увеличат добычу нефти
ОПЕК+ 2025 жылға дейін мұнай өндірісін қысқартуға келісті/kursiv.media

Жексенбіде ОПЕК+ 2024 жылдың соңына дейін мұнай өндірісін қысқартуға ұзартуға келісті. Бірақ бұл үдерісті 2025 жылы кезең-кезеңімен тоқтата бастайды. Өйткені топ жаһандық сұраныстың қалыпты деңгейде өсуін, жоғары пайыздық мөлшерлемелерді және АҚШ-тағы бәсекелестердің өндірісінің ұлғаын ескере отырып, нарықты қолдауға тырысады. Сауд Арабиясында өткен ОПЕК+ отырысы бойынша Reuters ақпарат жариялады.

Мұнай бағасы барреліне 80 доллар шамасында саудаланып жатыр. Бұл баға ОПЕК+ мүшелерінің көбінің бюджеттерін теңестіруге қажет деңгейден төмен. Әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушысы Қытайда сұраныстың баяу өсуі дамыған елдердегі мұнай қорларының өсуіне де, мұнай бағасына да әсер етуде.

ОПЕК+ деп аталатын мұнай экспорттаушы мемлекеттер ұйымы және Ресей бастаған одақтас елдер 2022 жылдың соңынан бастап бірнеше мәрте өндіріс көлемін едәуір қысқартты.

ОПЕК+ мүшелері қазіргі уақытта өндірістің жалпы алғанда тәулігіне 5,86 миллион баррелін немесе әлемдегі сұраныс көлемінің шамамен 5,7%-ын шегерді.

Мұнай өндірісін қысқарту бірнеше кезеңді қамтиды. Опек+ министрлерінің 37-отырысында 2023 жылдың сәуір айындағы келісім бойынша күніне 1,65 миллион баррельге қысқарту кезеңін 2025 жылдың соңына дейін ұзарту мақұлданды. Оған қоса ерікті түрде тәулігіне 2,2 миллион баррельді қысқартуды 2024 жылдың қыркүйек айына дейін жалғастырады. Содан кейін нарық тұрақтылығын сақтау үшін 2025 жылдың қыркүйегіне дейін 2,2 миллион баррель мұнай өндіруді ай сайын біртіндеп доғару көзделіп отыр.

Отырысқа қатысқан елдер Ирак Республикасы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Респуликасының міндеттемелерін орындалуын бақылап отыруға келісті. Оған қоса ОПЕК хатшылығына орындалған көлем бойынша өтемақының жаңа кестесі маусым айының соңына дейін ұсынылады.

Reuters аталған ұйым Біріккен Араб Әмірлігіне 2025 жылы қазіргі 2,9 миллионнан жоғары тәулігіне 3,5 миллион баррель өндіру квотасын беруге келіскенін де жазды. ОПЕК+ өз мүшелерінің өндірістік қуатын тәуелсіз бағалау мерзімін 2024 жылдың маусымынан 2025 жылдың қараша айының соңына ауыстырды. Бұл меже 2026 жылға арналған индикативті өндіріс деңгейлері үшін нұсқаулық ретінде пайдаланылады.

ОПЕК+ келесі отырысын 2024 жылдың 1 желтоқсанында өткізеді. «Курсив» Эр-Риядта ОПЕК+ 188-отырысы өтетіні және оған Энергетика министрі қатысатыны туралы жазды.

Сондай-ақ оқыңыз