Мемлекеттік шекарада жалпы құны 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы тәркіленді – ҰҚК

Жарияланды
Шекарада жалпы құны 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы тәркіленді / kursiv.media

ҰҚК мамыр айында шекарадан өту заңнамасын бұзған 3 368 адамды ұстады. Басқа елдерден 50 адам шекарадан заңсыз өткен. Комитет шекара бұзбақ болған тағы 59 шетелдікті тоқтатты.

Орган мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік шекара арқылы заңсыз жолмен тауар өткізіп жіберуге байланысты 1739 дерек тіркелді. Мамыр айы бойынша 143 грамм есірткі заттары, 2  пневматикалық, 2  зақым келтіру құралы  және 135 суық қару, 62 дана оқ-дәрі, 561 діни әдебиет тәркіленді. Одан бөлек  жалпы сомасы 10 млн теңгеден, көлемі 46 тоннадан астам жанар-жағармайды, халық тұтынатын құны 3 млрд теңгеден астам тауарларды, 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасын алып өтуге тыйым салынды.

Каспий теңізінің аумағында құрылымдар браконьерлердің жолын кесті (21 факт). 703 келі бекіре тұқымдас 75 балық, 5 605 келі таза тұқымдас 3 487 балық, ұзындығы 36,7 км тор, 8 жүзу құралы есепке алынды. Залал сомасы – 279 млн теңге.

Сондай-ақ оқыңыз