G7 елдері мен ЕО ресейлік аударым жүйесін пайдаланатын елдерге санкция салу мәселесін қарастырып жатыр
G7 мен Еуроодақ елдері SWIFT халыралық аударым жүйесінің ресейлік баламасы – Қаржылық хабар алмасу жүйесін пайдаланатын елдерің банктеріне қарсы санкция салу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Bloomberg басылымы жазады.
Агенттктің мәліметінше, 2023 жылы осы жүйені пайдалану 2022 жылмен салыстырғанда шамамен үш есе өскен. Қазір оны Қытай, Беларусь, Армения, Тәжікстан және Қазақстан сияқты 20-ға жуық елдегі 150-ден астам банк пайдаланады. Бұл жүйе Ресейге салынған сакцияларды айналып өтуге ықпал етіп отырған көрінеді.
Bloomberg еуропалық шенеуніктер оларға ескерту жібергенін анықтаған. Әзірга қандай елге қандай санция салынатыны нақтыланбаған. Десе де, ейбір несие мекемелері шектеуді күшейтіп, бұл қазірдің өзінде ресейлік импорттың қысқаруына әкелді.
Ресей батыс санциясының астында қалған соң, банктері тек өздерінің аударым жүйесін пайдалануға көшкен. 2023 жылдың желтоқсанында РФ Орталық банкі СПФС-ке 16 елден 150 бейрезидент кіретінін мәлімдеді. Ал 2022 жылы 12 елден 100-ден аса бейрезидент пайдаланатын.
Сонымен қатар ЕО Ресейге үшінші елдер арқылы кіретін тауарлар экспортына санкция салуды қарастырған. Санкциялар пакеті санкцияларды қасақана айналып өтетін Ресей мен үшінші елдердің фантом фирмаларына тыйым салуға бағытталады.
Бұған дейін АҚШ Ресей уранынан бас тарқан еді. Президент Джо Байден шикізатты елге импорттауға тыйым салатын заңға қол қойған. Заң 2028 жылдың қаңтарына дейін АҚШ Энергетика министрлігі басқа жеткізу көздері болмаса, Ресей Федерациясынан уран импорттауға рұқсат бере алады. Шектеу 2040 жылға дейін күшінде болады.