Жаңалықтар

Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайы мультимодальды әуехабқа айналмақ

Сарыарқа әуежайына
Сарыарқа әуежайына инвестиция салмақ. Фото: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Инвесторлар Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайына инвестиция салынып, оның негізінде мультимодальды әуехаб құрылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі таратқан хабарламада жазылған.

«Инвестордың жоспарында ұшу-қону жолағы мен терминалды жөндеуге, жүк хабын ұлғайтуға шамамен 270 млн АҚШ долларын инвестициялау қарастырылған», – дейді Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 2000 тұрақты жұмыс орнын құрылып, жыл сайынғы салық түсімдерін 135 млн долларға артпақ.

30 мамырда Тимур Турлов Қарағандыдағы ​​«Сары-Арқа» әуежайына иелік ететін компания – Sky Service акцияларының басым бөлігін сатып алғаны белгілі болды. Қазір оның Turlov Private Holding компаниясы әуежайдың 60% акциясына иелік етеді. Турлов Sky Holding капиталына кіргенге дейін компанияның 95%-ы Оспановқа тиесілі болған. Қазір Оспанов – 35%, Ақанов 5% акциясына иелік етеді.

Қожановтың айтуынша, жаңа инвестордың келуімен әуежайдың даму мүмкіндіігі арта түскен. Қазір әуе айлағы Эквадор, Бельгия және Нидерландыдан келген жүк рейстерін қабылдап отыр. Күн сайын мұнда гүл тиелген ұшақтар ұшып келеді, олар бүкіл Қазақстан мен ТМД елдеріне жіберіледі. Қарағандыдан Гонконгқа борттар мал шаруашылығы өнімдерін жеткізеді.

Мақсұт Қожановтың айтуынша, Gargohub Karaganda стратегиялық жобасы аясында мультимодальды аэрохаб құру моделі әзірленген. Әуежай аумағында «Сарыарқа» АЭА субзонасын ашылмақ. Бұл жоба 2030 жылға қарай жүзеге асады.

Қазуіргі кезде Қарағанды әуежайы арқылы 15 мың тоннаға жуық жүк өтеді. Ал әуехабтың тиімді дамуы нәтижесінде оны 200 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған