Жаңалықтар

Жыл басынан бері теңгенің рубльге қатысты бағамы нығайды. Оған не әсер етті?

Теңге бағамына не әсер етеді? Фото: shutterstock

Соңғы 7 айда  USD/KZT  бағамында теңге тоқтаусыз нығайып келді. 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың сәуіріне дейін доллардың құны 476,6-дан 446,3-ке дейін нығайды. Сондай ақ Ресей рубльінің RUB/KZT бағамында да теңгенің күшею динамикасы байқалды. Биыл рубль құнының айлық орташа бағасы мынадай: қаңтар- 5,06, ақпан-4,91, наурыз-4,91, сәуір-4,8 ге дейін арзандады. 

Теңгенің күшеюіне қандай факторлар әсер етуде? Соғыс  басталғалы Ресей рубльінің Қазақстан ваютасы арасында қандай байланыс бар? Қазақстанда доллырды сатып алатын/сататын ірі ойыншылар кімдер?

Соғыс  басталғаннан  бері  RUB/KZT бағамы қалай өзгерді?

Ресей мен  Украина  соғысы басталғалы (2022 жылдың 24 ақпаны) Ресей рубльі мен Қазақстан теңесі арасындағы тығыз байланыс төмендегенін байқауға болады. Мысалы 2022 жылдың ақпан айынан 2024 жылдың сәуір айы аралығында RUB/KZT валюта айырбас бағамдары 5,64 тен басталып, сәуір айының орташа бағамы 4,80 теңгеге дейін өзгерді. Алайда осы уақыт аралығында рубль құнының ең жоғары орташа айлық бағасы 2022 жылдың шілде айында тіркелген. Шілде айында RUB/KZT бағамы 1/8,23 теңгеге дейін көтерілді. Ал, ең төменгі мән соғыс басталған  кейінгі екінші айда тіркелді. Яғни 2022 жылдың наурыз айында Ресей рубльінің орташа бағасы 4,73 теңгені құрады. Осылайша 2 жылдағы RUB/KZT бағамы жоғары өзгермелі паритетті көрсетті.

Валюталардың ҰБ орташа бағамы негізінде салыстырсақ, 2022 жылдың 24 ақпан (ақпан айының орташа бағамы) USD/KZT бағамы 1/434,4  құраса, 2024 жылдың сәуір айының орташа бағамы 446,3 теңгені көрсетуде. Осы уақыт аралығында ресми доллардың құны небәрі 2,7%-ға қымбаттаған. Дегенмен де, графикке қарасақ, белгіленген уақыт аралығында доллар құнының жоғары өзгермелі құнын көруге болады. Мысалы 2022 жылдың наурызында доллар құны 497,2 дейін көтерілсе,  дәл сол жылдың мамыр айында әлем валютасының құны 430,7 теңгеге дейін арзандағанын немесе теңгенің долларға күшейгенін көреміз.

Қазақстанға келетін импорттың 30%-ы Ресейге тиесілі

Қытай 2023 жылы Ресейді ығыстырып, Қазақстанның негізгі сауда серіктесіне айналды. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 миллиард долларды құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті. Қазақстанның екінші ірі сауда серіктесі – Ресеймен тауар айналымы 2023 жылы бір жыл ішінде 3,7%-ға азайып, 26 млрд долларды құрады.

ҰСБ мәліметінше, 2024 жылдың 3 айында Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі статусын сақтап отыр. Ал Қазақстанның басты импорттаушы елі – Ресей. Оның жалпы импорттағы үлесі 30% жетіп отыр.

Теңге рубль байланысының азаюы

Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі және Еуразиялық Экономикалық Одақтың мүшесі. Ресей ондаған жылдар бойы Қазақстанның басты сауда серіктесі болып келді. Алайда, 2023 жылдың қортындысы бойынша Ресейдің орнын оңтүстік көрші Қытай алды. Соңғы жылдардағы Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда динамикасына қарасақ, Қазақстан пайдасына импорттың азайып, экспорттың көбею динамикасы байқалады. Сондай-ақ Қазақстан үкіметі сауда серіктестікте әртараптандыру саясатымен айналасып келеді. Алдағы жылдары Қазақстан- Ресей сауда айналымында тауар айналымы осылай төмендеу тенденциясын жалғастыра берсе, RUB/KZT өзара бағам байланысының  азаятыны анық. Графикте көргеніміздей RUB, KZT бағамының долларға өзара корреляциясы біртіндеп азайғанын көруге болады.

Теңгенің нығаюуы

Ұлттық валюта айлар бойынша орташа бағамына қарасақ соңғы 7 айда тоқтаусыз нығайып келеді. Ал 2023 жылдың сәуірі мен 2024 жылдың сәуірі аралығында ұлттық валюта 1,1% нығайған. ҰБ тарапынан валюта нарығына ешқандай интервенция жүргізбеген. Алайда, ҰБ Ұлттық қор қаражатын республикалық бюджетке трансферттеу  арқылы валюта нарығына жанама түрде өз әсерін беріп отыр. Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айында доллардың құны 439,7 теңгеге дейін арзандағанын көрдік. Осылайша ұлттық валюта сыртқы сектордағы қолайлы жағдай мен мұнай бағасының жоспарлы баға межесінде сақталуы мен нарықтағы өзге шикізат бағаларының  бағаларының қолайлы жағдайында қалыптасып отыр.  

Долларды кім сатады?

Қазір біз айтарлықтай күшті теңгені көріп отырмыз, бұл көпшілік арасында сұрақтар туғызуда.

Доллар айырбас тауары сияқты, оның бағасы сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде қалыптасады. Ал теңге бағамы қай бағытта өзгеретінін түсіну үшін нарықта кімнің: сатушылар немесе сатып алушылар басым екенін түсіну керек. Долларды келесі ойыншылар сатады:

Бірінші: Экспорттаушылар долларды ел ішінде операциялық шығындар мен салықтарды төлеу сияқты теңгелік міндеттемелерін орындау үшін сатады. Біздің негізгі экспорттаушыларымыз –мұнай. Мұнайды өндіріп Каспий құбыры арқылы батыс елдеріне барады. Ал батыс елдері бізбен доллармен есеп айырысады. Біз тек мұнайдан бөлек жер қойнауын пайдаланаушы, метал және түсті метал сияқты таурларды сыртқа экспорттаймыз. Алайда бізге валютаны сырттан алып келетін басты тауар- мұнай.  Сондықтан салық кезеңінде экспорттаушылар шетел валютасын ішкі нарыққа  көбірек сатады.

Екінші: Ұлттық қор бюджетті толықтыру үшін келесі транштарда төлем жасау үшін доллар сатады. Ұлттық қордан аударылған трансферт неғұрлым көп болса, нарықта соғұрлым көп доллар сатылады, оны қазір көріп отырмыз. Бюджет тапшылығы Ұлттық қордан көбірек ақшаны тұтынады, өйткені қазір айтарлықтай үлкен бюджет орындалмай жатыр, сонымен қатар Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалар да басталды. Ағымдағы жылға республикалық бюджетке Ұлттық қордан аударылатын трансферт көлемі 3,6 трлн теңге немесе қазіргі бағаммен бұл $8 млрд АҚШ долларына тең. 

Үшінші: депозиттерді және басқа да қаржылық валюта активтерін оларды неғұрлым тиімді теңгелік құралдарға аудару мақсатында сататын ұстаушылар. Бұл, әсіресе, біздің елге қатысты, өйткені шетел валютасындағы қаржы активтерінің төмен кірістілігі және теңгенің жоғары кірістілігі адамдарды валютаны сатуға және теңгемен аударуға итермелейді.

Төртінші: Қазақстанға келіп, жобаларды жүзеге асыратын инвесторлардың валюта сатуы. Мысалы 2022 жылы Қазақстанға салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $28 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өз кезегінде шетелдік капиталдың ішкі нарыққа әсер етеді.

Ал басты сатып алушылар кімдер?

Экономист Ғалым Құсайыновтың пікірінше. Қазақстанда долларды сатып алатын басты ойыншы – импорттаушылар.  Доллар келесі санаттар бойынша сатып алынады:

Басты сатып алушы: Тауарлар мен материалдарды шетел валютасына сатып алып, Қазақстанға әкелетін импорттаушылар. Импортталатын GWS (қызмет пен тауар жіктемесі) сұранысы неғұрлым жоғары болса, импорт үшін соғұрлым көп доллар сатып алынады. Мемлекет шығындары ұлғайып, несиелеу, әсіресе тұтынушылық несиелеу өскенде сұраныс өседі. Біз мемлекеттік шығыстардың да, тұтынушылық несиелендірудің де өсіп келе жатқанын көріп отырмыз, сондықтан импорт өсіп келеді және өсе береді. ҚР статистика бюросының мәліметінше 2023 жылдың 12 айында Қазақстан шет мемлекеттерден импорты 20%-ға өсіп, $61,2 млрд долларға өскен.

Ұлттық қордан ақша түскен кезде ол шығыстарға түседі, кейін ол өнеркәсіптік және өнеркәсіптік тауарлар импортына айналады. Ұзақ мерзімді перспективада теңгенің күшті болуына байланысты Қазақстанда өндірілген тауарлар шетел валютасында қымбаттап, импортқа қарағанда бәсекеге қабілеттілігі төмендейді. Нәтижесінде импорт өседі және біз шетел валютасын сатып аламыз және бұл бағаның төмендеуіне әкеледі.

Зейнетақы қоры да валюта сатып алатын ірі ойыншы. БЖЗҚ мен Ұлттық қор валютаны шетелден инвестициялау үшін нарықтан сатып алады, өйткені бұл қорларға ақша теңгемен түседі.

Қазақстандықтар да ірі сатып алушы. Депозиттер мен басқа да қаржылық активтерді ұстаушылар долларды валюта құнсызданады деп күтумен сатып алады. Сондай ақ шетелге саяхаттау, білім алу, емделу сияқты қызмет/тауарларды алу үшін  валюта сатып алады.

Инвесторлар орта және ұзақ мерзімде инвестицияланған қаражатты және шетелде алынған пайданы алу үшін шетел инвесторларының валютаны сатып алуы.

Валюталарды сатып алатын және сататын көптеген басқа ойыншылар бар, бірақ бұл негізгі ойыншылар, сондықтан белгілі бір санат өскен кезде бұл теңгенің долларға қатысты бағамында көрінеді.

Олардың ең маңыздысы – импорттаушылар мен экспорттаушылар.

Нарықтағы кейбір ойыншылар мемлекет тарапынан шектеулерге ие және валюта нарығына толық тікелей қол жеткізе алмайтындықтан, нарық сигналдары жұмыс істемейді. Мысалы, қазір мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді, бірақ бұл сигнал нарыққа кейінірек, кіріске әсер еткенде келеді.

Қорытындылай келе ұлттық валюта мен  рубль  арасындағы корреляция соңғы кездері айтарлықтай әлсіреді. Дегенмен, ресей валютасының теңгеге еш әсері болмайды деген сөз емес. Сауда байланысындағы Ресей үлесі жылдан жылға төмендегеніне қарамастан Қазақстан тауар айналымындағы оның үлесі әлі де жоғары болуда. Ресей рубльінің өзгермелі, тұрақсыз болуы біздің ішкі нарыққа белгілі бір дәрежеде кері  әсер етеді.

Әлемдік валюта – долларға келсек, оның тұрақтылығы Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы факторларына тәуелді. Доллар индексінің (DXY) өсуі, мұнай бағасының төмендеуі, сыртқы геосаяси жағдай, логистикалық дағдарыс, фиксалды саясат және тағы басқа факторлар теңге/доллар бағамына әсер етеді.