Жаңалықтар

165 күн бойы заңсыз қамауда ұстаған: Гүлмира Сатыбалдыға қандай айып тағылды

Гүлмира Сатыбалдыға қандай айып тағылды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Алматыда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы басталды. Мемлекеттік айыптау оны өзінің туысы және бизнес-серіктесі Абай Жүнісовті 165 күн қамауда ұстап, қорқытып, әр түрлі компаниялардағы үлестерін тартып алды деп айыптап отыр.

Алматы қалалақ мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.

Іс бойынша жәбірленушілер – Гүлмира Стыбалдының күйеу баласы Абай Жүнісов (оның әйелі – Гүлмираның туған сіңлісі) және оның екі ағасы Алтай мен Қасым.

Айыптау актісінде 2019 жылдың қысында Гүлмира Сатыбалды Абай Жүнісовті жалпы бизнестен 5 млрд теңгені заңсыз алып шықты деп айыптағаны айтылған. Жүнісов кінәсін мойындамай, аталған соманы өтеуден бас тартқан.

Тергеу мәліметтері бойынша, Сатыбалды жүргізуші Мәди Батыршаевпен бірге Жүнісовті үйіне әкеліп, үйдегі Wi-Fi желісін өшіріп, үйден шығуға тыйым салған. 165 күн бойы, 2019 жылдың ақпанынан шілдесіне дейін Жүнісов үйден шыға алмай, оның туыстары үйге Сатыбалды мен Батыршаевтың рұқсатымен ғана кірген.

«Жүнісовтен өзінің үстемдігі мен толық бақылауын сезіне отырып, Сатыбалды зорлық-зомбылық қолдану қаупімен бөтеннің мүлкін заңсыз алу ниетіне ие болды. ( … ) Жүнісовтің туыстары бауырларының өмірі мен денсаулығы үшін алаңдап, Сатыбалдының заңсыз талаптарына келіскен», — деп оқыды прокурор.

Іс материалдарына сәйкес, Жүнісовті заңсыз қамаудан босатамын деген желеумен Гүлмира Сатыбалды оның бауырлары Алтай мен Қасымның көліктері мен үйлерін  басқа адамдардың атына жаздырады. Қысыммен тартып алынған мүліктің жалпы сомасы 217 млн теңгені құрады.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, 2019 жылы Гүлмира Сатыбалды Абай Жүнісовтің серіктестеріне жеке қоңырау шалып, бизнестегі үлестерін басқа адамдардың атына жазуды талап еткен. Сатыбалдының сенімді тұлғаларына: «Береке групп» ЖШС жарғылық капиталының 60% , «Сарыарқа инвест групп» жарғылық капиталының 90%, сондай-ақ, тағы бірнеше компаниялардағы, оның ішінде «Баур Қазақстан» АҚ-дағы үлестері тиесілі болды.

Іске сәйкес, 2021 жылы Гүлмира Сатыбалды Абай Жүнісовке Алматыдағы «Баур Қазақстан» АҚ-ның кеңселерін басқа адамның атына жазбаса, қылмыстық қудалаумен қорқыта бастайтынын айтып қорқытқан.

Прокурордың айтуынша, Жүнісов Сатыбалды құқық қорғау және мемлекеттік органдарда жоғары лауазымды тұлғалармен тығыз байланыста екенін түсінген. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келінінің әкімшілік ресурстарына күмән келтірмей, талаптарды сөзсіз орындаған.

«Сатыбалды жәбірленуші Жүнісовке заңсыз әрекеттерімен айтарлықтай зиян келтірілді: оның мүлікке және коммерциялық қызметке еркін билік ету конституциялық құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ 1,2 млрд теңге сомасында аса ірі материалдық залал келтірді», – деді мемлекеттік айыптаушы.

Тергеу Жүнісов пен оның ағаларына келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құрайды деп есептейді.

Гүлмира Сатыбалды мен оның қорғаушыларының өтініші бойынша Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы Мартпек Кәкімжанов БАҚ өкілдеріне процесстегі айыпталушы Сатыбалды мен Батыршаев пен олардың адвокаттарының фото-видеосын таратуға тыйым салған.

Гүлмира Сатыбалды деген кім?

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. 2005 жылға дейін Қайрат Сатыбалдымен некеде тұрған. Ортақ 3 баласы (ұлы Бауыржан және екі қызы Аружан мен Дария) бар. Бұған дейін ол 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Байқоңыр ауданының соты Гүлмира Сатыбалдыны Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі, 125-бабының 2-бөлігі 1 және 8 тармағы бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

2023 жылдың маусым айында Қызылорда соты Гүлмира Сатыбалдыны тағы 8 жылға бостандығынан айырды. Бұл іс те бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру бабы бойынша қаралған. 7 адамнан тұратын топ ала сөз байласып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салып, 441 млн теңге жымқырған.