Стоматологтардың табысы 31%-ға артты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Cтоматологтардың кірісі 40 млрд теңгені құрады / Архив: kursiv.media

2024 жылдың бірінші тоқсанында стоматологиялық қызмет көрсетуден түскен табысы 40 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 31%-ға көп. Сонымен қатар кейінгі екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Аталған қызметке сұраныс арта беретінін ескерсек, бұл көрсеткіш ең жоғары деңгейге жетуі мүмкін еді. Алайда бұлай болмады. Оның мәнін Бірінші кредиттік бюро сарапшылар түсіндірді.

«2021 жылы халыққа зейнетақы жинақтарын алуға, оның ішінде емделуге рұқсат берілді. Алғашында бұл стоматологиялық қызметтер нарығына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Дегенмен, БЖЗҚ-дан алуға болатын шекті сома көтерілгенге дейін сұраныс күрт өсті. Нәтижесінде 2022 жылдың бірінші тоқсанындакүрт өскен тіс дәрігерлерінің табысы 65,2 млрд теңгені құрады», – деп атап өтті бюро сарапшылары.

Стоматологтардың табысының тұрақты дерлік өсуін ішінара көрсетілетін қызметтер бағасының жылдам қымбаттауымен түсіндіруге болады. Осылайша, 2023 жылы олар 11,4%-ға қымбаттады. Бұл жалпы инфляциядан жоғары көрсеткіш.

«Айта кетейік, мемлекет халыққа стоматологиялық қызметке өте сирек көмек көрсетеді. Оның жалпы шығындардағы үлесі 9% құрайды», – деп жазды бюро.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың үшінші тоқсанында еліміздің тіс дәрігерлері 32 млрд теңгеден астам сомаға кызмет көрсетті.

Қызметтердің негізгі көлемі, яғни 5,5 млрд теңгеден астамы бюджет қаражаты есебінен, 23 миллиарды – халықтан түскен қаражат және 3,3 млрд теңгеден астамы – кәсіпорындардың қаражаты есебінен орындалды.

Сондай-ақ оқыңыз