Біздің бірде-бір азамат Украинаға соғысқа бармаған, бармайды да – Смадияров Ресей түрмесінде отырған қазақстандықтар туралы айтты

Жарияланды
Сім есірткі тасымалдады деген айыппен Ресей түрмесінде отырған қазақстандықтардың Украинаға соғысқа аттанбайтынын айтты / Фото: kursiv.media

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейде есірткі тасымалдады деген айыппен ұсталған Қазақстан азаматтарына қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді.

«Соңғы кезде біздің біраз азаматттар телеграм арналарынан жұмыс тауып, Ресейге аттанған. Олар есірткі тасымалдауға келіске. Өз еркімен барып, осындай бизнеспен айналысқан. Әрине оларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстап, қазір тергеу жүріп жатыр. Ең қызығы, екі журналист шу көтеріп, «оларды Украинаға соғысқа алып кетпекші деп ушықтыруда. Ондай жағдай жоқ. Біздің бірде-бір азамат Украинаға соғысқа бармаған, бармайды да. Бұл мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Тергеуде отырған азаматтардың туыстарымен біз байланыстамыз»,- деді Смадияров.

Еске сала кетсек, осыған дейін ҚР Бас прокуратурасына бір топ ата-ана келіп, шағым қалдырған. Олар ұлдарының Ресей түрмелерінде жатқанын айтып, балаларының үстінен нашақорлық бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. Сонымен бірге ата-аналар Ресей тарапы балаларын соғысқа үндеп жатқанын айтқан. Олар биліктен балаларының үстінен қозғалған істерді Қазақстанға әкеліп қарауын сұраған.

Сол кезде де, Смадиряов бқл мәселеге ұқсас жауап берген. «Ол азаматтар жұмысты Telegram арналардан немесе әлеуметтік желіден тапқан. Олар қайда баратынын, не істейтінін білген«,- деген болатын СІМ-нің ресми өкілі.

Смадияров Ресей түрмелерінде отырған Қазақстанның бірде-бір азаматы Украинадағы соғысқа жіберілмегенін 100 пайыз растай алатынын мәлімдеді. Ол бұл әрекеттерді тек шу көтеріп, (балаларды) елге қайтарып алу деп бағалады.

«Егер адам заңды басқа елде бұзса, сол елдің заңымен жауап беруі керек. Сот үкімі шығып, жаза тағайындалса ғана прокуратура іске кірісіп, Қазақстанға жазасын өтеуге ауыстыра алады. Біздің сотпен оларды соттай алмаймыз»,- деді Смадияров.

Сәуірде СІМ Соғыс басталған уақытта елге жеткізілген отандастарымыздың тең жартысы Украинаға қайтып кеткенін де хабарлаған еді. Айбек Смадияровтың айтуынша, елге жеткізілген біраз қазақстандық қақтығыстың ушығып тұрғанын біле тұра, Украинаға қайтып оралуды жөн санаған.

«Өзеріңіз білетіндей соғыс жаңа басталған кезде азаматтарымызды бірнеше рейспен сол жақтан эвакуация жасаған болатынбыз. Бірақ соның жартысына жуығы қайтадан Украинаға қайтып кетті. Енді қазір олардың өміріне қауіп төніп тұр ма жоқ па оны білмейміз. Өйткені соғыс болып жатқанын олар бізден жақсы біледі. Әр адам өз қауіпсіздігіне өзі жауап береді»,- деген болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз