Жаңалықтар

Қазақстанда жылдық инфляция 8,5%-ды құрады

В Казахстане годовая инфляция замедлилась
Қазақстанда жылдық инфляция баяулады / Коллаж: kursiv.media, билд редактор: Артур Алескеров

Мамыр айының қортындысы бойынша елде жылдық инфляция қайтадан баяулап, 8,5%-ды құрады (сәуірде – 8,7%). Ал айлық инфляция 0,6%-дан 0,4%-ға төмендеді.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында – 1,2% (орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары) тіркелген. Ең төменгісі 0,1%-бен Ұлытау облысында қалыптасқан. Тұтыну бағасының индексі Шымкент қаласында, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында 100% құрады.

Мамыр айында Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында азық-түлік тауарларының бағасы – 0,4%-ға өсті. Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны 1,2%-бен Маңғыстау облысында өскені байқалады. Астана қаласында ақылы қызметтердің құны 2,5% өскен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда ақылы қызметтер бағасы 1%, азық-түлікке жатпайтын тауарларың бағасы – 0,5% өскен, ал азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% төмендеген.

2023 жылдың мамыр айымен салыстырғанда су бұру қызметтерінің тарифтері – 43,9%, суық су – 35,9%, ыстық су – 35%, орталықтандырылған жылыту – 33%, электр қуаты – 31,4%, қоқыс шығару 31,2% өскен.

Тұрғын үйді жалға беру – 1,5%, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстау 1,7% қымбаттады. Стоматология қызметтерінің бағасы 3,3%, санаторий қызметтері – 2,1%, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері – 1,4%, қоғамдық тамақтану 1,3% өсті.

«Мамырда бағаның өсуі тұрмыс құралдарына 1%, киім мен аяқ киімге – 0,9%, тоқыма бұйымдарына – 0,7%, жеке пайдаланатын тауарларға 0,6% байқалды. Дәрі-дәрмектер 0,4% қымбаттады. Азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі қиярға – 29%, қырыққабатқа – 19,1%, қызанаққа – 15,4%, тәтті бұрышқа – 5,8%, сарымсаққа 5,3% байқалды. Жұмыртқа – 9,8%, қарақұмық жармасы – 3,3%, күнбағыс майы – 2,1%, арпа жармасы – 1,1% арзандады. Бағаның өсуі басты пиязға – 28,3%, картопқа – 18%, қызылшаға – 15,5%, сәбізге – 7% байқалды», -деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Бұдан бөлек, зәйтүн майы – 20,1%, АИ-98 маркалы бензин – 19,8%, сәбіз – 18,4%, күріш – 17,4% алма – 16,8%, темекі өнімдері 16%-ға қымбаттағаны байқалады. Пияз – 42,9%, күнбағыс майы – 24,7%, қырыққабат – 18,1%, құмшекер 4,9%-ды құрап, керісінше арзандаған.

Сәуірде жылдық инфляция 15 өңірде бәсеңдеп, 4 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалған. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді. Сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы 6,3% өсті (наурызда – 6,9%). Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (9,9%) қарқынды, ал Ақтөбе облысында (4,4%) мейілінше баяу өсті.