Жолаушылар ағыны 3 есе артады: Балқаш әуежайындағы жөндеу жұмыстарына 3,8 млрд теңге жұмсалады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
балқаш
Фото: ҚР Көлік министрлігі, бильд-редактор: Денис Андреев

Балқаш әуежайында жермен жүру жолы мен перрон қайта жаңғыртылады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарына 3,8 млрд теңге қарастырылған.

Бас мердігер – «Казахдорстрой» ЖШС. Ол арнайы техника әкеліп, инженерлік құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаған.

«Қазіргі уақытта асфальтбетон жабындарын фрезерлеу жұмыстары аяқталуда (98%), таксомотор жолының негізі бөлшектенуде (40%) және жол төсеніштері дайындалуда. Жұмыс жоспарына сәйкес бетон жабындысын орнату ағымдағы жылдың 15 маусымына жоспарланған`, -дейді Көлік минисрлігі.

Одан кейін әуежай терминалын күрделі жөндеуден өткізу және арнайы көліктік қызмет көрсету ғимараты салынбақ, Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қала мен туризм аймағын дамытуға жаңа мүмкіндік беруі тиіс. Нәтижесінде жолаушылар ағыны үш есе:жылына 13 мыңнан 40 мың адамға артпақ.

Балқаш әуежайы 1967 жылы салынып, соңғы жөндеу жұмыстары 2007 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бұған дейін Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайы мультимодальды әуехабқа айналатын белгілі болды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 2000 тұрақты жұмыс орнын құрылып, жыл сайынғы салық түсімдерін 135 млн долларға артпақ.

Сондай-ақ оқыңыз