Құны 66 млн доллар: Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
кулибаев
Мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Коллаж: kursiv.media (neark.kz және shutterstock), бильд-редактор: Денис Андреев

Тимур Құлыбаевтың әкесі – Асқар Құлыбаев құны 66 млн долларды құрайтын мұнай терминалын мемлекет меншігіне қайтарды. Терминал Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Нысан Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша қайтарылған. Жалпы аумағы 134 гектарды құрайтын мұнай терминалы Асқар Құлыбаевтың меншігіне 2011 жылы өтіп кеткен. Ол терминалы шетелдік инвестордан заңсыз алынған.

«2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді», – делінген хабарлама.

Жыл басында Тимур Құлыбаевқа тиесілі Joint Technologies компаниясынан бюджетке 1,7 млрд теңге тұрақсыздық айыбы өндірілген болатын. Ол «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50%-ын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзған. Ал «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне» 324 млн теңге айыппұл салынған. Парк бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліккке тартылған болатын.

Асқар Құлыбаевтың келін-баласы Тимур мен Динара Құлыбаевтар әлемдегі дәулетті тізімінде 612-орында тұр. Олардың әрқайсысының байлығы 5 млрд долларды құрайды.

Ал Қазақстандағы ең дәулетті адамдар тізімінде Құлыбаевтар 2, 3 -орынға орналасқан. олардың алдында 5,8 млрд долларды құрайтын байлығымен Kaspi.kz акционері – Вячеслав Ким тұр.

Сондай-ақ оқыңыз