Мамыр айында іскерлік белсенділік өндірісте, қызмет көрсету секторында және құрылыста жақсарды. Бұл туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин айтты.
Алайда тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш теріс аймақта қалып отыр.
«Тау-кен өндіру өнеркәсібінде еңбекпен қамтудың төмен деңгейі іскерлік белсенділіктің өсу барысын тежеді. Мұнда индекс 49,0-ге дейін (сәуірдегі 47,1-ден) жоғарылағанына қарамастан, көрсеткіш теріс аймақта қалды», – деп жазылған бас банк хабарламасында.
Жалпы алғанда индекс 50,7 болып, жақсару үрдісін жалғастырды. Көрсеткіш төрт ай бойы оң аймақта тұр.
Өндірісте, қызмет көрсету секторында және құрылыста көрсеткіш жақсарды. Аталған секторларда іскерлік индекс тиісінше 51,5, 50,6, және 52,0 (сәуірде – тиісінше 50,8, 51,4 және 48,8) болып, өсті. Әсіресе, құрылыста көрсеткіш айтарлықтай артып, оң аймаққа өтті. Құрылыста барлық көрсеткіштер жақсарған.
«Бизнес-ахуал индексі мамыр айында біршама жақсарды. Бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайлары оң бағаланды. Қазіргі бизнес жағдайларды бағалау аздап жақсарды. Осылайша, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалды», – деп хабарлады Ұлттық банк.
Бұған дейін сәуірде іскерлік белсенділік индексі тау-кен өнеркәсібінде төмендеп, көрсеткіш 47,0-ды құрады. 2024 жылғы сәуірдегі іскерлік индексі 50,6-ны құрады.