Жаңалықтар

Алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларының дерекқоры қалыптастырылады

Алаяқтық белгілері бар транзакциялардың дерекқоры жасалады / kursiv.media

Қазақстан Ұлттық Банкі «Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректермен алмасу орталығының қызметін және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулы жобасын әзірледі.

Жоба Антифрод-орталық қызметі және оның қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүргізудің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

Антифрод-орталық қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа. Платформа тиісті таңбаланған күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығының субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды.

Айта кетейік, бұған дейін банк саласының сарапшысы алаяқтар адамның қызығушылығын пайдаланатыны туралы айтқанын хабарлаған едік.