Валюта бағамы 2024 жылғы мамырдың соңына қарай аздап әлсіреуіне қарамастан, мамырдағы орташа айлық бағам бір АҚШ долларына 442,19 теңгені құрады. Бұл теңгенің соңғы екі жылдағы рекордтық нығаюы. Ұлттық валютаның алдағы айлардағы динамикасын Halyk Finance талдау орталығының маманы Мадина Қабжалалова мен Halyk Finance басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірханов саралады.
«Ұлттық валютаның бұл динамикасы Ұлттық қордан валюта алға байланысты болды. Мамырда шетел валютасын сатудың жалпы көлемі 800 млн доллар болса, келесі айда үкіметтің сұрауларына сүйене отырып, реттеуші осы мақсаттарға 350-450 млн доллар бөлуді жоспарлап отыр. Бұл өткен айлардағы орташа көрсеткіштен төмен», – деп есептейді сарапшылар.
Салдарынан теңге жақын арада әлсіреуі мүмкін
Оған мамандар пайымынша, бірнеше фактор ықпал етеді. Атап айтқанда, бірінші тоқсандағы салықтардың тапшылығы және тау-кен өнеркәсібіндегі көрсеткіштің төмендігі. Бұл трансферттердің тағы да ұлғаюына және алудың жоспарланған көлемдерінің сақталмауына әкелетін факторлар.
Ұлттық банктің ақпараттық хабарламасына сәйкес, мамырда Ұлттық қордан бюджетке аударымдарды қамтамасыз ету үшін шетел валютасын сату 800 млн долларды құрады. Аталған көрсеткіш 2023 жылдың соңғы айларындағы және биылғы бірінші тоқсандағы деңгейімен бірдей. Алайда бұл орта есеппен жылдық аударымдар кестесіне сәйкес келмейді. Сарапшылар мұндай қарқынмен мақсатты және кепілдендірілген трансферттер жылдың соңына жетпей таусылуы мүмкін деген пікірді.
Сома екі есе қысқармақ
Алайда, хабарламада маусым айында 350-450 млн доллар аралығында валюта сату жоспарланып отырғаны айтылады. Бұл өткен жылғы орташа мәндерден әлдеқайда төмен.
«Сонымен қатар, маусым айында Ұлттық банк зейнетақы активтерінің валюталық үлесін сақтау мақсатында БЖЗҚ үшін шетел валютасын сатып алуды қысқартуды жоспарлап отыр. 2024 жылдың наурызынан мамырына дейін үш ай қатарынан көрсеткіш 500 млн долларды құрады. Ал маусымда ол 250-350 млн долларға дейін төмендейді», – деп атап өтті мамандар.
Бұған дейін теңге айтарлықтай нығайды
Мамыр айының соңында АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа бағамы бір долларға 442,19 теңге болды. Мамардар ол 2022 жылдың мамырынан бергі ең төмен бағам екенін айтады. Себебі теңгенің мұндай нығаюына объективті себептер болмаған.
«Қалай болғанда да, мамыр айымен салыстырғанда валюта нарығындағы доллар түсімінің күрт төмендеуі осы айда теңгенің әлсіреуіне әкелуі ықтимал», – деді топшылайды мамандар.
Еске сала кетсек, Ұлттық банк сәуір айында Ұлттық қордан 1, 06 млрд долларға тең валюта сатқан. Бұл қаржы республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз етті. Ал мамыр айында бас банк Үкіметтің алдын ала өтініміне сай, Ұлттық қордан 750-850 долларға дейін валюта сатты. Наурыз айымен салыстырғанда, Ұлттық қордан алынған қаражат көлемі 308 млн долларға артық. Алдыңғы айда қордан 748 млн долларға тең валюта сатылған.