S&P Global компаниясының зерттеуі: Қазақстанның өңдеуші секторында іскерлік белсенділік индексі бойынша өсім байқалды

Жарияланды
kursiv.media

S&P Global компаниясының Қазақстанның өңдеуші секторындағы PMI (Іскерлік белсенділік индексі) мамыр айының соңында да оң аймақта қалып, сәуірдегі 51,5-тен кейін 52,2-ге жетті.

Қазақстандағы экономикалық өсудің нақты бәсеңдеуіне қарамастан іскерлік белсенділік оң аймақта қалып отыр.

Мамыр айында өндірістегі сұраныстың артуы нәтижесінде Қазақстанның өнеркәсібі қарқынмен өсті. Жаңа тапсырыстардың айтарлықтай ағыны өндіріс көлемінің жылдам өсуіне ықпал етті. Кәсіпорындар, өз кезегінде штатты кеңейтіп, сатып алу қабілетін нығайтты.

Ресурс шығындары мен сату бағасының өсуі жалғасты, дегенмен, соған сәйкес инфляция деңгейі зерттеу шеңберіндегі орташа көрсеткіштерден төмен болып отыр.

Қазақстан өнеркәсібі ндірістегі сатып алу менеджерлерінің индексі S&P Global (S&P Global Қазақстандық өндіріс саласындағы сатып алу менеджерлерінің индексі™, қысқартылған PMI®) мамырда 52,2-ге дейін өсті (салыстыру үшін: сәуірде 51,5 болды). Бұл өңдеу өнеркәсібінің болмашы түрде жақсарғанын көрсетеді.   Осылайша,экономикалық жағдайдың үш ай қатарынан жақсарып келе жатқанын байқауға болды.

Шикізат сатып алу кезіндегі логистикалық кемшіліктер жеткізушілер тарапынан кідірістерге әкеледі. Содан жеткізу уақытының ағымдағы ұлғаюы шамалы болды. Мамыр айында жеткізушілер бағаны өсірді. Оған қоса шикізаттың қымбаттfуы өткен аймен салыстырғанда ресурстар бойынша бағаның одан әрі айтарлықтай өсуіне әкелді.

Инфляция деңгейі сегіз айдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендеді және орташа мәннен әлдеқайда төмен болды. Сату бағасы да өсті. Олар үш ай бойы жоғары деңгейге жетті, бірақ инфляция деңгейі елеусіз күйінде сақталады. Өндірушілер өсімге деген жоғары оптимистік көзқарасты алдағы жылдарда өндірістің кеңеюімен байланыстырады. Респонденттер сұраныстың одан әрі жақсара түсеріне үміт артады.

Сондай-ақ оқыңыз