2023 жылы Қазақстанның экономикасы 5,1%-ға өсті – ҰЭМ есебі

Жарияланды
2023 жылы Қазақстанның экономикасы 5,1%-ға өсті / kursiv.media

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2023 жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикасы 5,1% өсімге қол жеткізді. Тауар өндірісі 3,8 %-ға, көрсетілетін қызметтер – 5,8 %-ға өсті.

Экономикалық өсу қарқыны өнеркәсіпті, құрылысты, қызмет көрсету секторын дамыту есебінен қамтамасыз етілді. Өнеркәсіптік өндіріс 4,2%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі 4,1%, тау-кен өнеркәсібінікі – 4,6%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша өндіріс көлемі ұлғайды: машина жасау – 25,4%, оның ішінде автомобиль жасау – 36,8 %, электр жабдықтары – 34,3 %, тамақ өнімдері – 1,5 %, металл бұйымдары – 3,3 %, құрылыс материалдары – 6,1 %, пластмасса бұйымдары өндірісінде – 5%, жеңіл өнеркәсіпте – 12,2%

Ауыл шаруашылығында өнімдердің жалпы шығарылымы 7,9%-ға төмендеді. Құрылыс көлемі 13,3 %-ға артты. 17,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл – 2022 жылғы деңгейден 11,9 %-ға көбірек

Инвестициялық белсенділік 13,7 %-ға, 18 043,7 млрд теңгеге дейін өсті. Ақпарат пен байланыс саласында – 130,2%-ға, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада – 51,1%-ға, көлік пен қоймада – 40,3%-ға, саудада – 32,7 %-ға, білім беруде – 15,3 %-ға, ауыл шаруашылығында –10,3%-ға, өнеркәсіпте – 7,3 %-ға инвестицияның өскені байқалды.

Экспорт 6,7 %-ға төмендеді

2023 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 2,5 %-ға өсіп, 139,6 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт 6,7 %-ға төмендеп, 79,9 млрд АҚШ долларын құрады, импорт 17,9 %-ға 59,7 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Оң сауда теңгерімі 20,2 млрд АҚШ долларын құрады. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 2023 жылдың басына қарай 5,7 %-ға өсіп, 96 млрд АҚШ долларын құрады. Алтын-валюта активтері 36 млрд АҚШ долларына дейін 2,5%-ға, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері – 60 млрд АҚШ долларына дейін 7,7%-ға өсті.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2023 жылғы желтоқсанда 187,1 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 10,2 %-ға, нақты мәнде – 0,4 % өсті. Орташа айлық жалақы 2023 жылғы 4 тоқсанда 393,6 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 16,2 %-ға, нақты мәнде – 5,3 %-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 2023 жылда 4,7 %-ды құрады. Жылдық мәндегі инфляция 9,8 %-ды құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 8,5 %-ға, азық-түлік емес тауарлар – 9,1 %-ға, ақылы көрсетілетін қызметтер – 12,4 %-ға өсті. Жетекші халықаралық кредиттік агенттіктер Moody’s, Fitch және Standard&Poor’s Қазақстанның экономикалық өсу серпініне оң баға бере  отырып, Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде растады. Бұл ретте Moody’s агенттігі рейтинг бойынша болжамын тұрақтыдан жағымдыға жақсартты. Қазақстанның экономикасы бойынша даму динамикасына оң баға берілуде.

2024 жылдың алғашқы тоқсанында ЖІӨ-нің өсімі – 3,9 %

2024 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ-нің өсімі 3,9 %-ды құрады. Өсім тауарлар өндірісінің 5,1 %-ға, көрсетілетін қызметтер өндірісінің 3,1 %-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіп өндірісі 3,9 %-ға өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 5,6 %-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібі – 1,9 %-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің қарқынына машина жасаудағы өндірістің – 24,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда – 9,8%-ға, электр жабдықтарында – 35,8%-ға, металлургияда – 4,3 %-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінде – 11,4%-ға, металл бұйымдарда – 23,6%-ға, құрылыс материалдарында – 3,8%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 1,2%-ға өсуі ықпал етті. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1,6 %-ға ұлғайды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,9 %-ға артты. 3,5 млн ш.м астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңнің деңгейінен 2,6 %-ға жоғары. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 0,8%-ға ұлғайды. Инвестициялар құрылыста (94,3 %-ға), ақпарат және байланыста (74,6 %-ға), көлік және қоймалауда ( 51,2 %-ға), өңдеу өнеркәсібінің ( 30,2 %-ға) айтарлықтай өсті.

Елдің халықаралық резервтері 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың басына қарағанда 2,7 %-ға өсіп, 98,6 млрд АҚШ долларын құрады. Алтын-валюта активтері 37,8 млрд АҚШ долларына дейін 5,2 %-ға, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 60,7 млрд АҚШ долларына дейін 1,2 %-ға ұлғайды. Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 2024 жылғы ақпанда 192,1 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 12,8 %-ға өсті, нақты мәнде 3,2%-ға төмендеді. 2024 жылғы наурызда инфляция жылдық мәнде 9,1 %-ды құрады.

Азық-түлік бағасы 6,9%-ға өсті

Азық-түлік тауарларының бағасы 6,9%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 8,2 %-ға, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы 13,2 %-ға өсті. Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, 2024 жылы жалпы ішкі өнім өсімі 6 % деңгейінде нысаналады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2024 жылы 134,9 трлн теңге көлемінде болжанады. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 14,9 мың АҚШ доллары деңгейінде бағаланады. Өнеркәсіп көлемінің өсуі 3,1%, ауыл шаруашылығы – 11,6%, құрылыс – 10%, көлік – 8 %, сауда – 9,2% деңгейінде күтілуде. Экспорт көлемі 80,3 млрд АҚШ долларына дейін, импорт көлемі – 62,4 млрд АҚШ долларына дейін өседі деп күтілуде. Инфляцияның нысаналы дәлізі 6-8% деңгейде анықталған. Инфляция деңгейін біртіндеп қысқартуға инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру есебінен бағаларды тұрақтандыру және орташа қатаң ақша-кредит саясатын жүргізу ықпал ететін болады.

Сондай-ақ оқыңыз