Ең сенімді – банк депозиті: қазақстандықтардың үштен бір бөлігінің жинағы бар
Қазақстандықтар теңгедегі банктік депозиттерді ақша салудың ең сенімді тәсілі деп тұжырымдайды. Одан бөлек ел тұрғындарының 70,5 пайызы жеке қаржы есебін жүргізеді. Freedom Finance Global жүргізген зерттеу нәтижесінде түрғындардың төрттен бір бөлігі (25,1%) өз шығынын бақыламайтыны анықталған.
Freedom Finance Global компаниясы елдегі азаматтардың жинақ мақсаттарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (36,2%) қаржы есебін анда-санда жүргізетінін айтты.
Бір қызығы, жеке шығын есебін үнемі жүргізіп отыратын респонденттердің арасында 25-34 жастағылар басым (39,2%). Сонымен қатар, 55 жастан асқандар да қаржысын есептеп жүреді.
«Егер шығындарды есепке алу кіріс деңгейіне тікелей байланысты деп есептесек, онда осы екі санатта респонденттер ақша ағындарын мұқият бақылау арқылы шығындарын оңтайландыруға мәжбүр. Алайда әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларға сәйкес, өздерінің материалдық жағдайын «өте жақсы» және «орташадан жоғары» деп бағалайтын респонденттердің топтары да тұрақты есеп жүргізетіндері белгілі болды (тиісінше 59,2% және 44,4%), – деліген зерттеуде.
Әртүрлі әлеуметтік топтың есеп жүргізудегі мақсаты да әртүрлі Біреулер қаржы есебін ақшасын үнемдеу үшін жүргізсе, басқаралы қаржысын тиімді басқаруды мақсат тұтады. Негізінен Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары жеке қаржы есебін жүргізеді.
Қазақстандықтардың басым бөлігі ақша жинауға мүмкіндігі болмаса да, қор жинау қажет екенін атап өткен. Респондеттердің 52,1%-ы кейінгі 12 айда ақша жинаған. Сауалнамаға қатысқандардың 37,2%ның қазір жинағы бар.
Сауалнамаға қатысқандар негізінене болашақтағы қаржы тұрақтылығы үшін ақша жинайтынын айтқан. Ал 40 пайызы «қиын-қыстау кезеңде» керек болады деп тұжырымдайды.
Респонденттердің пікірінше, ақша салудың неғұрлым сенімді тәсілдері: теңгедегі банктік депозиттер (44,5%), қолма-қол ақша немесе картадағы/банктік шоттағы жинақ (35,6%), жылжымайтын мүлік сатып алу (31,2%), алтын және басқа да бағалы металдарды сатып алу (20,8%).
«Жыл басынан бері доллар теңгеге қарағанда 3,1%-ға, ал жыл сайын 2%-ға әлсіреді. Не себепті бұл инвестициялық тұрғыдан маңызды? Өйткені қазір теңгелік пассивті инвестициялар доллардағы активтерге қарағанда әлдеқайда көп табыс әкеледі. Сондай-ақ, KASE-нің теңге индексі 2023 жылы S&P 500-ді өсу бойынша басып озғанын ескерген жөн, бұл инвесторлар ұлттық валютаға жиі назар аударатын шарт болып табылады», – деп атап өтті Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Аңсар Абуев.
Респонденттердің 40,8%-ы қаржы сауаты жақсы деп тұжырымдайды. Жоғары білімі бар респонденттердің арасында қаржы саласында білімі мен дағдылары мүлдем жоқ адамдардың үлесі аз, өздерінің білімдерін жақсы деп бағалайтын топта айтарлықтай көп. Қаржы саласындағы тамаша білім кәсіпкерлер мен фрилансерлерде жиі, ал жалдамалы жұмысшылар тобында сирек кездеседі. Білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, инвестициялауда сауаттылық соғұрлым жоғары.
Халықтың аз бөлігі ғана инвестициялауды кіріс жинақтау және көбейту құралы ретінде қарастырады. Респонденттердің тек 92-сі н сауалнамада ұсынылған брокерлік компаниялар бірінің қызметін пайдаланғанын жазған. Әрбір бесінші қазақстандық ғана IPO-ның не екенін біледі. Алайда қазақстандық компаниялардың жария орналастыруына қатысқандардың қатары тіптен аз.