Air Astana жалпы құны 1,4 млн доллар болатын акцияларын кері сатып алды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
кері сатып
Air Astana қанша акциясын кері сатып алды? Фото: kursiv.media архиві

Air Astana bayback бағдарламасы басталғалы жалпы құны 1,4 млн доллар болатын акцияларын кері сатып алған. Бұл жайын компанияның Қазақстан қор биржасына жолдаған есебінде жазылған.

IPO-cын нарық он жылдан аса күткен компания жария орналастырудан 2 ай өтер-өтпестен акцияларын кері сатып алатынын мәлімдеді. Оның мақсаты «еңбекті ынталандыру бағдарламасынан туындайтын компанияның міндеттемелерін орындау» деп көрсетілген. bayback бағдарламасы 2025 жылдың 8 ақпанынан кешіктірілмей аяқталады.

Бағдарламаның бірінші бөлігі аясында компания жалпы сомасы 12 млн долларға 4,8 миллионға жуық акция сатып алуды жоспарлаған. Бұл бір акцияға шаққанда шамамен 1100 теңгені құрайды.

Бастапқыда Air Astana «Қазақстан қор биржасы» АҚ («КASE») мен Астана халықаралық биржасында («AIX») сатылған акцияларын кері сатып ала бастады. 20 мамырдан Лондон қор биржасында сатылған акциялары мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарын кері сатып алатыны белгілі болды.

Әуе компаниясы бағдарлама басталғалы 375 618 жай акциясы мен 69 312 ҒДҚ-сын сатып алған. Бағалы қағаздардың жалып құны 1 384 665,05 АҚШ долларын құрайды.

Ақпандағы IPO-дан кейін Air Astana акциялары инвесторлардың үмітін ақтамай, арзандай бастаған еді. Наурызда әуе компаниясының акциялары 11190 теңгеден 904 теңгеге дейін арзандады Ал bayback бағдарламасы басталған соң, әуе компаниясының бұған дейін арзандап келе жатқан акциялары қайта қымбаттай бастады.

Air Astana кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпаниялар тобы. Топтың бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange және Лондон қор биржасында орналастырылған.

Freedom Broker сарапшылары Air Astana акцияларының өсу әлеуеті 44 пайыз деп тұжырымдап, бағалы қағаздарды сатып алды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыз