Жаңалықтар

Сәуір айында әлемдік орталық банктердің алтын-валюта қоры 33 тонна алтынмен толыққан

орталық
Орталық банктер қанша алтын сатып алды Фото: kursiv.media архиві

2024 жылдың сәуір айында әлем орталық банктері 33 тонна алтын сатып алған. Ең ірі сатып алушылар – Түркия мен Қазақстан, Үндістан.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің есебінше, әлемдік орталық банктердің алтын-валюта резервтеріндегі алтынның көлемі өскен. Көш басында Түркия мен Қазақстанның орталық банктері келеді. Түркия Орталық банкі бір айда 8 тонна алтын сатып алған нәтижесінде қазір елдің алтын қоры 578 тоннаны құрайды.

Қазақстанның Ұлтты банкідегі алтын-валюта резервіндегі алтынның үлесі 6 тоннаға артқан.

Үндістанның резервтік банкі бір айда 6 тона алтын сатып алған. Польша Ұлтты банкі қорын 5 тоннаға толықтырса, Сингапур билігі 4 тонна сатып алғанн.

Ресей Орталық банкінің резерві 3 тонна алтынға артып, және Чехия Ұлттық банкі бір айда 2 тонна алтын қажет деп тапқан.

Есесіне Қытай Халық банкі алтынды сатып алу қарқынының айтарлықтай бәсеңдегенін хабарлады. Оның алтын қоры сәуірде 2 тоннадан сәл аз ғана артып, 2 264 тоннаны құраған. Бұл 2022 жылдың қарашасынан бергі ең төменгі айлық өсім және 18 айлық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.

Сәуір айында лтын бағасы тарихи рекорд жаңартып, бір унциясы үшін 2400 доллардан асқан болатын. New York Times әлемде алтын бағасының көтерілуіне Қытай инвесторлары ықпал етіп жатыр деп жазады. Сарапшылар пікірінше, инвесторлардың жылжымайтын мүлік пен акцияларға сенімі азайып, жаппай алтын сатып алып жатыр.

Негізінен алтын бағасының өсуіне геосаяси жағдай әсер еткен. Өйткені экономикалық күйзеліс кезінде алтын қауіпсіз инвестиция ретінде қарастырылады. Солайша бұл метелл бағасының күрт қымбаттауына Ресейдің Украинаға басып кіруі мен Газа секторындағы соғыс өз әсерін тигізген.