2023 жылы Ұлттық қорға мұнай секторынан 1,6 трлн теңге кем түскен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Ұлттық қорға мұнайдан қанша қаржы түсті? Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева 2023 жылы мұнай секторынан Ұлттық қорға түкен қаржы межелі сомаға жетпегенін айтады. Былтыр мұнай салығы есебінен қорға 6,2 трлн теңге түсуі тиіс еді. Алайда қаржы 1,6 трлн теңгеге кем түскен,

Мәжіліс депутатының Жоғары аудиторлық палата мен үкімет есебіне негізлген баяндамасында мұнай секторынана түсетін салықтың кемінеге айталды. Бұл қаржыны былтыр Ұлттық қордың табысы жапқан. 2023 жылы қор табыстылығы 11,4 пайызды құраған болатын.

«2023 жылы мұнайға жатпайтын тапшылық талаптары шартты түрде орындалды. Бұл ЖІӨ-нің 7,3%-ын құрады. Бұл ретте, активтерді сатудан бюджетке түсетін қосымша дивидендтердің сипаты ескерілмейді, бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 6%-дан аспайтын бағдармен 8,2%-ды құрайды», – деді депутат.

Депутатың айтуынша, 2023 жылы бюджет түсімдері 99,9 пайызға орындалған. Бюджет шығысы 99,6 пайызды құраған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 2023 жылы Ұлттық қорға жалпы 6,4 трлн теңге салық пен төлем түскен. Соның 4,6 трлн теңгесі – мұнайдан түскен қаржы. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 26,7 пайыз кем.

Ұлттық қорда қазір 28, 6 трлн теңгеден аса қаражат бар. Наурыз айының соңындағы көрсеткіш бойынша оның көлемі 28,8 трлн теңге болған еді. Бір ай ішінде қор қаражаты 200 млрд теңгеге қысқарған.

Сондай-ақ оқыңыз