Мәжілісте Қазақстан аумағында ойын бизнесі мәселелері бойынша заң қабылданды. Amanat партиясының депутаты Елнұр Бейсенбаев пленарлық отырыста лудоманиямен күрес жоспарын оқып, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салу туралы айтты.
Ол шетелдік букмекерлердің Қазақстандағы жұмысын жалғастыруы үшін мемлекеттік талаптарды орындауы қажет екендігін айтты.
«Букмекерлер өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіп отыруға міндетті болады. Олардың барлық қаржылық операцияларын мемлекет бақылай алады. Бұдан бөлек, Қазақстан аумағында лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен тотализатор интернет-ресурстарының қызметіне тыйым салынады», — деді Бейсенбаев.
Оның айтуынша, уәкілетті органның шешімі бойынша қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі жазылады.
Заң жобасына сәйкес, мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. Мәжіліс екінші оқылымда ойын бизнесі, лудоманиямен күресті реттеуге арналған заңға енгізілген түзетулерді қолдады. Бұл тыйым 280 мыңға жуық шенеунікке, әскери және бюджеттік ұйымдардың басшыларына қатысты болады.
Жаңа заң тағы қандай нормаларды қарастырады?
- Құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалту тәртібі белгіленді және ойынға тәуелді адамдарды динамикалық тіркеусіз, яғни дәрігерлік құпияны сақтай отырып, консультативтік бақылау енгізілді;
- Байланыс операторларына құмар ойындардың жарнамасы бар хабарламаларды жіберуіне тыйым салынған;
- Букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамасы мүмкіндігінше шектеулі.
Осыған дейін «Курсив» лудоманияның жеке адамнан бастап күллі қоғамға қалай әсер етіп жатқаны туралы отбасылық психолог Ержан Мырзабаевпен сұхбат жариялаған еді.