Қазақстанның Forbes рейтингіндегі кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа Қырғызстанда қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінді.
Kaktus Media ақпаратына сүйенсек, Жұманбаевқа көрші елде іздеу жарияланған.
«Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық миллиардер Владимир Жұманбаевтың қырғызстандық бірлескен қылмыстық ұйым мүшесі Асанбек Көлбаевтің жұмысын қаржыландырғанын анықтады», – деп хабарлайды Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығы.
Қырғызстан ҰҚК ақпаратына сүйенсек, Жұманбаев бұған дейін «бірлескен бизнес-жобаларды жүргізу үшін Қырғызстан аумағында қолдау үшін» Көлбаевпен байланыс орнатқан.
«Жұманбаев Қырғызстан аумағында алтын өндірумен, кендер мен бағалы металдарды байытумен айналысатын «В.Г. К.» ЖШС иесі бола отырып, 2021-2023 жылдар аралығында компанияның жауапты қызметкерлеріне ай сайын 1 млн сомды «Братский круг» Халықаралық қылмыстық тобының құрамына кірген Көлбаевқа аударуды тапсырған», – делінген хабарламада.
Жиналған материалдар негізінде Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының қаулысымен Жұманбаевқа сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған. Оған мемлекетаралық және Интерполдың Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің желісі бойынша іздеу салынған.
Forbes ақпаратына сүйенсек, Владимир Жұманбаев Қазақстандағы ең дәулетті адамдар тізімінде 25-орында тұр. Оған «Алтын Алмас» АҚ 20% тиесілі. Сондай-ақ, «Қаражыра» АҚ 20%, «Бенкала» тау-кен компаниясы, «Ronson-2000» ЖШС және «Vertex Holding» тиесілі.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қылмыстық топтың серкесі Қамшыбек Көлбаевтың қайтыс болуына қатысты түсініктеме берген.