Қазақстанда блогерлердің табысы тексерілді: әр бесінші блогердің кірісінен шығысы көп
162 блогердің кірісі мен шығысы арасында 1,1 млрд теңгелік сәйкессіздігін анықтады. Бұл туралы «AFM Online 2024» пікірталас алаңында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
«Жалпы Қаржы министрлігін блогерлерлерді бақылап отырады. Бүгінде біз 745 блогердің тізімін жасадық. Бұл Instagram, TikTok желісіндегі 20 мыңнан аса жазылушысы бар блогерлер. Олардың кірістері мен шығыстарымен салыстырылды. Тек 162 жеке тұлға бойынша (22%-ы) 1,1 млрд теңгеге сәйкессіздік анықталды. Сондықтан барлығымыз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек», – деді министр.
Ведомство басшысы интернетте ашық, адал бизнес жүргізудің маңыздылығын атап өтіп. Бұл ретте ол көлеңкелі экономикамен күрес саласында белсенді жұмыс жүргізуге шақырды.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың шілдесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Интернет-платформалар және интернет-жарнама туралы» заңға қол қойды. Оған сәйкес, аудиториясы көп блогерлер жарнамадан түскен табыстарына салық төлеуі тиіс. Мұндай жазбаларда арнайы таңбалануы керек. Яғни, оқырманға ақылы жазба екенін ескерту маңызды.
Таңбалау оны сәйкестендіру мүмкіндігімен мәтіндік форматта жүзеге асырылуы керек. Егер онлайн-жарнама дыбыстық немесе аудиокөрнекі нысанда таратылған және орналастырылған болса, таңбалау онлайн-жарнаманың алдында жүзеге асырылуға тиіс. Яғни таңбалауда орналастырылған материалдың жарнама екендігі туралы мәтіндік нұсқама болуы шарт.