Мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилерге құмар ойын ойнауға тыйым салынады: Мәжіліс жаңа заң қабылдады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай реестріне енген қазақстандықтар құмар ойындарға қатыса алмайды / kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Елімізде мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. Мәжіліс екінші оқылымда ойын бизнесі, лудоманиямен күресті реттеуге арналған заңға енгізілген түзетулерді қолдады. Бұл тыйым 280 мыңға жуық шенеунікке, әскери және бюджеттік ұйымдардың басшыларына қатысты болады.

Мәжіліс депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдап, Сенат қарауына жіберілді.

«Бүгін қоғамымызға тікелей әсер ететін өте маңызды заң жобасын қабылдап отырмыз. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент лудоманияны XXI ғасырдағы басты әлеуметтік зұлымдық деп атады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ойынға тәуелділікпен күресудің кешенді жоспары қабылданды», – деді Бейсенбаев.

Мәжілісмен қазақстандықтардың белгілі бір тобына құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салынатынын атап өтті. Олардың қатарына 21 жасқа толмаған азаматтар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген (6 айдан 10 жылға дейін), сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай тізіліміне сәйкес өтелмеген міндеттемелері бар тұлғалар кіреді.

«Құмар ойындарға өзін-өзі тыйым салудың ең ұзақ мерзімі бір жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылды. Белгілі болғандай, бір жыл өте аз. Көптеген адамдар шектеу мерзімі аяқталғаннан кейін белсенді түрде ойнай береді. Ең бастысы, өз-өзіне тыйым салуды ерте тоқтату мүмкін болмайды. Иә, құмар ойындарға тәуелділер өздерінің құқығын шектеп жатыр деп айтуы мүмкін, бірақ шын мәнінде бұл лоббистердің аргументі. Егер адам ойнағысы келсе және ойнай алмаса, онда бұл оның жауапкершілігі, өйткені өзін — өзі шектеуге қол қою кезінде ол барлық заңды міндеттемелерді өз бетінше қабылдады», – деп атап өтті депутат.

Сонымен қатар, борышкерлердің бірыңғай реестріне енген қазақстандықтар бәс тігіп, казино ойнай алмайды.

«Бұл шамамен 3,5 миллион адам. Біз оларды букмекерлік кеңселер мен казинолардың әлеуетті клиенттері деп санаймыз. Мемлекеттік және  әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары бәс тіге алмайды. Бұл шамамен 280 мың адам. Оларға ешқандай ескерту болмайды. Яғни бәс тіккен жағдайда бірден жұмыстан шығарылады», – деді Бейсенбаев.

Сондай-ақ, депутат  Epetition.kz ресми сайтында мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салу туралы петиция жайында сөз қозғады.

«Петицияны ұйымдастырған және халықтың бұл шешімді қолдайтынын көрсеткен қоғам белсенділеріне рахмет. Бірнеше күннің ішінде петиция 30 мыңнан астам дауыс жинады. «Халық үніне құлақ асатын  мемлекет» дегеніміз осы», – деді мәжілісмен.

Жаңа заң тағы қандай нормаларды қарастырады?

  • Құмар ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалту тәртібі белгіленді және ойынға тәуелді адамдарды динамикалық тіркеусіз, яғни дәрігерлік құпияны сақтай отырып, консультативтік бақылау енгізілді;
  • Байланыс операторларына құмар ойындардың жарнамасы бар хабарламаларды жіберуіне тыйым салынған;
  • Букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамасы мүмкіндігінше шектеулі.

«Осы орайда мен блогерлер мен әлеуметтік желілерде жарнама қабылдайтындарғка букмекерлік кеңселерді жарнамалау және насихаттау заңсыз екенін ескерткім келеді.  Ол үшін 200 мың теңгеден бастап айыппұл қарастырылған», – деп түйіндеді Елнұр Бейсенбаев.

Осыған дейін «Курсив» лудоманияның жеке адамнан бастап күллі қоғамға қалай әсер етіп жатқаны туралы отбасылық психолог Ержан Мырзабаевпен сұхбат жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз