Әлемдік орталық банктер өз алтын-валюта резервіндегі доллардың үлесін арттырмақ

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Резервіндегі доллардың үлесін ұлғайтуға ұмтылатын орталық банктер қатары артқан /Фото: shutterstock.com

2024 жылы өз резервіндегі доллардың үлесін ұлғайтуға ұмтылатын орталық банктер қатары артқан. Бұл туралы Financial Times британдық «Ресми валюта-қаржылық институттар форумы» (OMFIF) талдау орталығының зерттеуіне сілтеме жасай отырып жазады.

5,4 триллион долларды құрайтын халықаралық резервті басқаратын 73 мемлекеттік мекемеге сауалнама жүргізген OMFIF мәліметі бойынша, әлемдегі орталық банктер алдағы бір-екі жылда доллардағы салымын арттыруды жоспарлап отыр. Былтыр респонденттердің тек 6%-ы ғана осылай жауап берген. Бұл АҚШ валютасына сүйенетін орталық банктердің күрт өскенін байқатады.

Әзірге АҚШ валютасының кірістілігі Қытайда ақшасынан жоғары болады деген болжам бар. Бірқатар орталық банктер, соның ішінде Еуропа Орталық банкі, Польша Ұлттық банкі, Жаңа Зеландияның резерв банкі және Оңтүстік Африканың резерв банкі OMFIF2-ге кіріс алу «инвестициялық мақсатының бір бөлігі» екенін айтқан.

Сонымен қатар орталық банктер арасында юаньға деген сұраныс әлсіреген. Бұл да соңғы жылдардағы жаһандық үрдіске қайшы келіп тұр. Өйткені кейінгі кезде орталық банктер өз резервіндегі Қытай валютасының үлесін арттыруға ұмтылды.

OMFIF алдағы жылдары долларға деген ең күшті сұраныс Азияның орталық банктері арасында болатынын атап өтеді.

OMFIF атқарушы директоры Нихил Сангхани орталық банктер «жаһандық резервтердегі АҚШ валютасының үлесін бірте-бірте азайтады» деген пікірде. Оның үлесі орта есеппен 55% деңгейінде қалыптасуы ықтимал. Юань үлесі 5,5% (қазір ол 2,3%) болады. ХВҚ мәліметі бойынша, қазір доллар әлемдік резервтердің шамамен 58%-ын құрайды.

Орталық банктер резервіндегі алтынның үлесі былтыр 9%-дан 11%-ға дейін өскен, Сонымен қатар сауалнамаға қатысқан банктердің 15%-ы алтын бағасы қатты қымбаттаса да, алдағы бір-екі жылда өз резервін ұлғайтуға ниетті. Компания есебінде Орталық банктер алдағы бір-екі жылда 600 миллиард долларға қымбат металды сатып ала алады делінген. Сәуір айында әлемдік орталық банктердің алтын-валюта қоры 33 тонна алтынмен толыққан.

Сондай-ақ оқыңыз