Жаңалықтар

2017 жылы арзанға сатылып кеткен автомобиль жөндеу зауыты толық мемлекетке қайтарылды

Фото: kursiv.media/

Алматыдағы «ҚИ 832 актомобиль жөндеу зауыты» АҚ акцияларының 100 пайызы мемлекетке қайтарылды. Зауыт 2017 жылы арзанға сатылып кеткен.

Прокуратураның хабарлауынша зауытты 8 жыл бұрын жалғыз акционері 70 млн теңгеге сатқан. Ол кезде компанияның 100 пайыз акциясы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-на тиесілі болған.

«Осы факті бойынша Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27.05.2024 жылғы шешімімен мәмілені жарамсыз деп тану туралы прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.

Мемлекет меншігіне 2,5 мың м2 және 1,87 гектар жер учаскесі қайтарылған.

Зауыт тарихы

1970 жылы қайта құрылған Орта Азиялық әскери округтің автожөндеу базасын дамыту мақсатында 651 Автомобиль жөндеу шеберханасы құрылған Сол жылдан бастап ЗИЛ-157 және ГАЗ-69 қозғалтқыштарын күрделі жөндеуді игеру басталды. 1989 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 651 Әскери шеберханасы шаруашылық есепке көшеді және УАЗ автомобильдері мен агрегаттарын және ГАЗ-24 жеңіл автомобильдерін жөндеу бойынша 832 Әскери зауыт деп атын өзгертеді.

2003 жылы акционерлік қоғамға айналып, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-на қосылады. 2017 жылы«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ «832 автожөндеу зауыты ҚИ» АҚ-ны электронды голландтық аукционда 70 829 504,27 теңгеге сатты.