Жоғарғы сот үкімі: Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған төрт жасар Айкөркемнің өлімі үшін ешкім жауапқа тартылмайды
Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған төрт жасар Айкөркемнің өліміне қатысты үкім шығарды. Бүлдіршіннің өлімі үшін ешкім жауапқа тартылмайды.
Қазақстан Жоғарғы соты осы кезге дейінгі апелляциялық соттың шешімінің күшін жойып, әскери қызметкер Арман Жұманды ақтап алды.
Айта кетейік, бастапқы инстанция да Айкөркем Меделханның өліміне күдікті болған Арман Жұманды ақтап алған. Алайда апелляциялық сот ақтап алу үкімінің күшін жойып, әскери қызметкерді 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған.
«Жұманға қатысты қылмыстық іс құпия режимде қаралды. Кассациялық қарау нәтижелері бойынша осыған дейінгі сот актілерінің күші жойды. Іс келесі сатыдағы апелляциялық сот қарауына жіберілді», – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.
2022 жылдың 7 қаңтары сағат 19:30 шамасында әскери блок бекеттен жол үстінде жүріп келе жатқан автокөлікке оқ атылған. Салдарынан 2017 жылы туған Айкөркем Мелдехан қайтыс болып, кәмелетке толмаған Жанель Мелдеханға 5 оқ тиген.
2023 жылдың 15 қарашасында Алматы гарнизоны әскери соты Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған төрт жасар Айкөркем Мелдеханның қаза болуы туралы іс бойынша үкім шығарған. Сол кезде Алматы гарнизоны әскери соты айыпталушыны ақтаған болатын. Ал прокурор үкімнің күшін жою жөнінде аппеляциялық шағым түсіретінін мәлімдеген.
Сот процесі іс материалдарында жариялауға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өткендіктен, адвокат пен қаза тапқан Айкөркемнің туған ағасы – Мелдеханов Бауыржанға мемлекеттік құпияларға, тиісінше қылмыстық істің барлық материалдарына рұқсат берілген.
2024 жылды 28 наурызында Айкөркем Меделханның өліміне кінәлі деген айыппен әскери қызметкер 7 жылға сотталған.