Халықаралық валюта қоры Қазақстанға қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттырып, салықтық жеңілдіктерден бас тартуды ұсынды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан қосылған құн салығы мөлшерлемесін көтере ме? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Халықаралық валюта қоры Қазақстанға қосылған құн салығы мөлшерлемесін (12%) арттырып, салықтық жеңілдіктерден бас тартуды ұсынды.

23-31 мамыр аралығында Қазақстан Халықаралық валюта қорының миссиясын қабылдаған. ХФҚ миссиясы инфляция нысаналы мәнге жақындағанша ақша-несие саясаты қатаң болуы қажет деп тұжырымдайды.

Биыл салық-бюджет саясаты қатаңдату жоспарланғанымен, оған деген сенімді жақсарту үшін маңызды реформалар қажет. Қаржылы жағдайы тұрақсыз банктер мәселесін шешудің сенімді жүйесін құру және макропруденциалдық саясаттың әлеуетін дамыту керек.

«Алдағы уақытта жаңа салық кодексінің енгізілуі шикізаттық емес түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді және миссия қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыруды және салық жеңілдіктерін жоюды жеделдетуді ұсынады», – деген ұсыныс айтты ХВҚ.

Қазақстанның экономикасын дамыту тұрғысынан ХВҚ болжамын жақсартуға мүмкіндік беретін әлеуетті өсім факторлары ретінде мұнай бағасының қымбаттауы мен приоритетті салаларға инвестицияның артуын атап өткен.

Сонымен қатар, экономикадағы тәуекел факторларына сауда-серіктес елдердегі өсім қарқынының төмендеуі, инфляциялық қысым және су тасқынының салдары жатады.

Сарапшылар биыл жыл соңына қарай ол 8%-ға дейін төмендейді деп болжайды. ХВҚ инфляцияны Ұлттық Банктің мақсатты көрсеткішіне дейін төмендету үшін байыпты ақша-кредит саясатының маңыздылығын атап көрсетеді.

Жыл басынада мемлекет қосылған құн салығын (ҚҚС) көтермеу туралы шешім қабылдады. Үкімет басшысы одан да бюджет кірісін толықтырудың басқа жолын іздейік деп мәлім етті.

Сондай-ақ оқыңыз