Олигарх Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі Aidarly Project компаниясы дивиденд төлемейді. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында жазылған.
Акционерлердің шешімі 29 мамырда шыққан. Компания 2023 жылы таза пайда таппағандықтан, еш дивиденд төлемейді.
Aidarly Project 2023 жылы 3,2 млрд теңге шығын шеккен. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы нәтижеден 11 есе нашар. Алдыңғы жылы компания шығыны 293 млм теңге шығынға батқан еді. Оған қоса меншікті капиталының мәні теріс қалыптасқан. Яғни компания қарызы мендікті капиталынан 700 млмн теңгеге асып түсті.
Компанияның қаржы есебіне сәйкес, 2023 жылы Aidarly Project активтері бірден 5,5 есе, яғни 10,9 млрд теңгеден 59,9 млрд теңгеге дейін өсті. Оған тау-кен өнеркәсібі активтерінің алты есе, яғни 57,7 млрд теңгеге дейін өсуі себеп болған. Бұл соманың басым бөлігі бірден 34 есе өсіп, 48 миллиард теңгеге жеткен лицензиялық шығындарды құрады.
Міндеттемелер 7,3 есе: 8,3 млрд теңгеден 60,6 млрд теңгеге дейін өсті. Келісімшарт міндеттемелер бойынша танылған провизиялардың (резервтердің) көлемі бір жыл бұрынғы 39,4 млн теңгемен салыстырғанда 60,3 млрд теңгені құрады.
2014 жылы ЖШС ретінде тіркеліп, 2022 жылы АҚ айналған компания құрылтайшылары «Қазақмыс копорациясы» ЖШС мен Нидерландыда тіркелген Aidarly B.V. Аталған компанияларға В.Ким мен Э.Огай иелік етеді. Компанияның басты қызметі – «Айдарлы» кен орнын игеру. Аталған кен орны Қазақстанның «Индустриаландыру картасына» енген.