2030 жылға дейін 100 млрд доллар жиналмайды: Ұлттық қорға 5 айда түскен 2,65 трлн теңгенің 2,45 триллионы жұмсалып кеткен
2024 жылдың 5 айында Ұлттық қорға 2,65 трлн теңге түскен. Соның ішінде 2,17 трлн теңгесі – мұнай компанияларынан тікелей түсетін салық. Алайда оның басым бөлігі жұмсалып кетті. Қазіргі кезде қорда 29,3 трлн теңге жинақталған.
2024 жылдың І тоқсанында Ұлттық қорды басқарудан 464 млрд теңге инвесттабыс түскен.
Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, есепті кезеңде қордан 2,45 трлн теңге алынған. Соның ішінде 1,58 трлн теңгесі кепілдік берілген трансферт болса, 861 млрд теңгесі – нысаналы трансферт. Қорды басқару және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығысты жабуға 5 айда 5,8 млрд теңге жұмсалған.
2024 жылғы 1 қаңтарда Ұлттық қор активтері 29,1 трлн теңгені құраса, 1 маусымдағы жағдай бойынша 29,3 трлн теңгеге жеткен. Яғни мұнай секторынан қаржы тұрақты түсіп отырғанымен, ел үкіметінің қордан үздіксіз қаржы алуының салдарынан, Ұлттық қордағы қаржы 190 млрд теңгеге өскен.
Мұнай-газ секторының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов қордан осындай қарқынмен қаржы ала берсек, 2030 жылға қарай 100 млрд долларға жетуі екіталай деп тұжырымдайды.
Ал экономист Ғалымжан Айтқазин Үкімет жыл сайын қордан көбірек қаржы алып жатқанына назар аударады. 2023 жылдың көрспткішімен салыстырсақ,
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметіне алдағы 5 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімін екі есе өсіріп, қордағы қаржыны 100 млрд долларға жеткізуді тапсырған еді.
Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет тек бюджет кірісіне сенсе ғана, Ұлттық қорға 100 миллиард доллар жиналатынын айтты. Өйткені жыл сайын Үкімет қордан 5 трлн теңгеге жуық қаржы алып отыр.