АҚШ «шетелдік агенттер» туралы заң үшін Грузия шенеуніктеріне санкция жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
АҚШ Грузия шенеуніктеріне санкция жариялады / Anadolu Agency

АҚШ Грузияда «шетелдік агенттер» туралы заңды қабылдауға себеп болған ондаған шенеунікке қарсы санкция жариялады.

DW ақпаратына сүйенсек, АҚШ-тың санкциялар тізіміне заңды қабылдауға үгіттеген «Грузин арманы» партиясының басқарушы мүшелері, заңды қабылдаған депутаттар мен заңға наразылық акциясында халыққа күш қолдануға жауапты болған қауіпсіздік қызметкерлері де бар. 

6 маусымда қабылданған тізімге байланысты АҚШ мемлекеттік департаменті мұны алғашқы қадам екенін, алдағы уақытта өзге шенеуніктерге де қарсы санкциялар болатынын айтты.

Санкциялар жариялаған ведомство өкілі Мэттью Миллер нақты адамдардың атын атаған жоқ. Алайда демократияға қарсы іс-шаралар мен адам құқықтарының бұзылғаны «ондаған» адам жауапқа тартылатынын атап өтті.

«Заңның қабылдануы мен наразылықтың күшпен таратылуы Грузияның еуропалық болашағына нұқсан келтіруі мүмкін және грузин Конституциясы мен оның халқының тілектеріне қайшы келеді», – деп атап өтті Миллер

Оның айтуынша, санкциялар тек алғашқы қадам. Алдағы уақытта елді экономикалық шектеулер күтуі мүмкін. Егер Грузия саяси бағытын өзгертпесе, олардың күшіне енетіні ескертілді.

Осыған дейін АҚШ «шетелдік агенттері» туралы заңға байланысты Грузиямен виза беру мәселесін қайта қарастыратынын жариялаған. «Шетел агенттері» заңын Грузияның оппозиция мен демократиялық бостандығын басып-жаншу құралы ретінде бағалаған.

Грузия парламентінің құқықтық мәселелер жөніндегі комитеті «шетелдік агенттер» туралы заңды мақұлдағаннан кейін наразылық акцияларында полициямен қақтығыс болып, ондаған адам ұсталды.

Дәл осындай заңды Қырғызстан да қабылдады. Энтони Блинкен Қырғызстан тарапына да бұл заңға қатысты алаңдаушылық білдіретінін жеткізген еді. Алайда Қырғыз президенті Садыр Жапаров Блинкеннен Қырғызстанның ішкі істеріне араласпауды сұрады. Жапаров заң жобасын Қырғыз мемлекеті осы коммерциялық емес ұйымдарға қаржының қайдан келетінін, қалай, қандай мақсаттарға жұмсалатынын бақылау мақсатында әзірлегенін айтты. 

Сондай-ақ оқыңыз