2024 жылы Ыстықкөлдегі демалыс құны 30% дейін өсуі мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
2024 жылы Ыстықкөлдегі демалыс құны 30% дейін өсуі мүмкін / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

2024 жылы Қырғызстанда Ыстықкөл демалыс аймағындағы демалыс құны 30% дейін көтеріледі. Бұл туралы Қырғыз Республикасы туризмді дамытуды қолдау қорының басшысы Кудрет Тайчабаров айтты.

24kg басылымының ақпаратына сүйенсек, туризмді дамытуды қолдау қорының басшысы Кудрет Тайчабаров бағалар 20-30 пайызға көтерілетінін айтқан. Басты себеп демалушылар арасында сұранысты өскені екендігін айтқан.

«Ресей мен Қазақстанмен салыстырғанда бізде Түркиядағыдай туристік орындар құны сәл төмен. Бірақ қызмет көрсету жағы өте жақсы», – деді Кудрет Тайчабаров.

Басылым ақпаратына сүйенсек, 2023 жылы туризмнен Қырғызстан бюджетіне 2 миллиард 622 миллион 83 мың сом (13 млрд 401 млн теңге) салық түсімі түскен. 

Орташа алғанда, күніне бір шетелдік турист Қырғызстанда 100-200 доллар, аптасына — 700-1000 доллар жұмсайды.

2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 787 млрд теңгені құраған. Туризм саласынан Қазақстан бюджетіне түсетін салықтық түсімдер 450 млрд теңге болған. Яғни жартысына жуық қаражат қана ақталып отыр.

2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда 2022 жылғы көрсеткіштердің қорытындысы бойынша ішкі туристердің саны 8,6 млн адамға жетіп рекорд орнатылғанын хабарлады. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн-ға көп. 

Сондай-ақ оқыңыз