Жаңалықтар

Қазақстанда мектептерге вейп әкелуге ресми тыйым салынады

Қандай заттарды білім беру ұйымдарына алып келуге болмайды? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығына өзгеріс енгізілмек. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Бұйрық бірнеше бөліммен толықтырылды. Атай айтқанда, оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар бар.

Оның ішінде:

  • жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар;
  • фейерверктер, кез келген нысандағы жарық беретін зымырандар және пиротехникалық құралдар;
  • сіріңкелер, оттықтар (білім беру ұйымының аумағында орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда);
  • құрамында улы және мия тамыры бар газ баллондары (көзден жас ағызатын, бұрыш);
  • психикаға белсенді әсер ететін заттар;
  • темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, электрондық тұтыну жүйелері (вейптер) және электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) арналған хош иістендіргіштер.

Бұйрық 2024 жылғы 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, 2024 ақпанда Мемлекет басшысы оқушыларға сабақ кезінде смартфон пайдалануға тыйым салатын заңға қол қойды.

Заңның негізгі мақсаты – білім беру саласындағы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру.