Жаңалықтар

Сарапшылар «Қазақтелеком» акцияларына қатысты болжамдарын өзгертті

Бұған дейін сарапшылар «Қазақтелеком» акциялары қымбаттауы мүмкін деп болжаған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Freedom Broker сарапшылары «Қазақтелекомның» акцияларына қатысты болжамдарын өзгертті. Сәуірде бір акциясы қазіргі бағасынан тағы 25%-ға өсу мүмкін деп мәлімдесе, енді бұл болжамды 14%-ға өзгертті.

«Қазақтелеком» АҚ 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша есеп берді. Жалпы алғанда, есепті «орташа теріс» деп атауға болады. Өйткені кірістің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, шығындардың айтарлықтай өсуі аясында маржаның айтарлықтай төмендеуі байқалады. Сонымен қатар бос ақша ағыны бірінші тоқсанда азайды және капиталдың өсуі жағдайында 2023 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді», – деп түсіндірді сарапшылар.

Сонымен қатар болжамның өзгеруіне Kcell акциялары бағасының өсуіне байланысты таза қарыз коэффициенті ықпал еткен.

«Капитал нарығындағы мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуі аясында күрделі шығындардың болжамы мен капиталдың орташа алынған құны да ұлғайтылды. Нәтижесінде біз «Қазақтелекомның» бір акциясының мақсатты бағасын қазіргі бағадан 14% өсу әлеуеті бар 39 200 теңгеге дейін төмендетеміз. Ұсыныс – акцияларды сатпай ұстаңыз», – деп хабарлады Freedom Broker.

Еске сала кетсек, «Қазақтелеком» 2023 жылдың төртінші тоқсанының қорытынды есебін жариялағаннан кейін сарапшылар компания акцияларының өсу әлеуеті 34 260 теңгеден +25%, яғни 42 700 теңгеге дейін арттырып, бағалы қағаздарын сатып алуды ұсынды.

Жуырда «Қазақтелеком» акционерлері «Мобайл Телеком-Сервис» акцияларының 100 пайызын сату туралы шешім қабылдады.

«Қазақтелеком»  – жергілікті телекоммуникация нарығында басымдыққа ие компания. Қазақстан қор биржасындағы 2024 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша «Қазақтелеком» АҚ негізгі акционерлері «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры (71,32%) «First Heartland Jusan Bank» АҚ (8,10%). Айта кетейік, 2023 жылдың соңында S&P Global Ratings және Fitch Ratings Қазақтелекомның кредиттік рейтингтерін тиісінше «ВВ+» және «ВВВ-» деңгейінде мақұлдаған еді.