Ресей Банкінің Директорлар кеңесі базалық мөлшерлемені 16% деңгейінде қалдырды. Көрсеткіш 2023 жылдың желтоқсан айының ортасынан бері өзгермеген.
Жалпы Ресейдегі базалық мөлшерлеме динамикасына қатысты сарапшылардың пікірлері әртүрлі болды. Алайда мамандар мөлшерлеме төмендемейтініне сенімді еді.
Сарапшылар пайымынша, реттеуші келесі отырыста мөлшерлемені көтеруі мүмкін.
«РФ Орталық банкі инфляцияны мақсатты мәнге қайтару үшін әлі де экономикадағы қатаң монетарлық шарттарды сақтайды. Сондай-ақ мәлімдемеде Орталық банктің 2024 жылға арналған инфляция болжамы да жоқ (сәуірде бұл диапазон 4,3-4,8%). Ресей Банкінің болжамы бойынша, жылдық инфляция 2025 жылы мақсатты деңгейге оралады және одан кейін 4%-ға жақын болады», – деп жазды Ведомости.
Бұл ретте инфляцияға қарсы негізгі тәуекелдер сыртқы сауда шарттарының өзгеруімен (соның ішінде геосаяси шиеленістердің әсерінен), жоғары инфляциялық болжамдармен байланысты.
Еске сала кетсек, Еуропалық Одақтық Ресей мен Беларусь ауыл шаруашылығы өнімдері экспортына шектеу енгізді.
Бұған дейін АҚШ Ресей уранынан бас тарқан еді. Президент Джо Байден шикізатты елге импорттауға тыйым салатын заңға қол қойған. Заң 2028 жылдың қаңтарына дейін АҚШ Энергетика министрлігі басқа жеткізу көздері болмаса, Ресей Федерациясынан уран импорттауға рұқсат бере алады. Шектеу 2040 жылға дейін күшінде болады