Қарағанды облысы Шахтинск қалалық сотында бейсенбі күні Ленин шахтасының жауапты қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Сот 5 адамның қазасына әкелген 2022 жылдың қарашасында шахтада болған жарылысқа 4 қызметкерді жауапты деп таныды. Бұл жайлы Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Сотқа дейінгі тергеу органымен Л., А., Б., З. абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыпталды»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға болған күні дренажды және дренажды ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде, тау жыныстарының бремсберг өндірісінен газ бен шаңның көп мөлшерде көтеріліп, салдарынан метан газы нормадан асып кеткен. Ал кейін ұшқын пайда болып, жарылыс болған.
Апаттан бес шахтер сол жерде қайтыс болды. Ал төрт шахтердің денсаулығына орташа және ауыр дәрежеде зиян келген.
Сот барысында прокурор бас инженерге – 7 жыл, қалған қызметкерлерге – 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот қандай үкім шығарды?
Сот бас инженерге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігінде көзделген орташа ауырлықтағы, абайсызда жасалған қылмыс ретінде сараланған. Мұндай қылмыс үшін заң бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жаза ең жоғары мерзімнің 1/2 бөлігінен аспауы керек екен. Яғни 4 жылдан аспайды.
Ал бір сотталушының жас баласының болуы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылған. Ол үшін де үшін жаза 4 жылдан аспайды. Сот қалған екі сотталушының да еңбек өтілі мен бұрын соттылығының болмауын, шахтер ретіндегі қызмет еткен жылдарын ескерген. Барлығынан да жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Солайша сот қалған үш қызметкердің біріне 4 жыл, екеуіне 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кескен.
Ал жазаны жеңілдететін мән жайларды ескермегені үшін және прокурордың заң талаптарын білмеуіне қатысты сотталушыларды жазалау мәселесінде жәбірленушілер мен қоғамды дұрыс бағдарламау фактісі бойынша сот жеке қаулы шығарған.
Еске сала кетсек, «Ленин» шахтасында 2022 жылдың күзінде жарылыс болып, апат салдарынан 5 кенші қаза тапты. Бұл апат аталмыш шаххтадағы бірінші жағдай емес.
1995 жылдың 24 қарашасында «Ленин» шахтасында метан жарылып, 13 кенші қаза тапты. Сол оқиғадан кейін шахтада 10 жылдан аса уақыт апат тіркелмеді. Алайда ел тарихындағы ең үлкен шахта апаты да осы «Ленин» шахтасында болды.
2006 жылы шахтада метан жарылған. Бастапқыда шахтада желдету құбырларын жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Алайда электрші қауіпсіздік ережелерін бұзғандықтан, апат шыққан. Дәл осы сәтте жер астында 368 кенші жұмыс істеп жатқан. Апаттан 41 адам қаза тапты. Қайғылы жағдайдан кейін 6 адам сотталды.