Бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 000 дауыс жинады
Сағат белдеуіне байланысты петицияға 50 000 адам қол қойды. Енді Үкімет осы петицияда қозғалған мәселені қарауға тиіс.
Тұрғындар сағаттың теңестірілуі биоритмге, жұмыс кестесіне, оқуға және демалуға кедергі келтіреді деп шағымданған. Қол қойғандар жаңа өзгеріс адамдардың жұмыс қабілетіне кері әсерін тигізеді деп санайды.
Петиция Сауда және интеграция министрлігіне бағытталған.
Елде 1 наурыздан бастап енгізілген бірыңғай сағат белдеуіне қатысты пікірталас көп. Кейбір сарапшылар электр қуатын тұтыну көлемі артуы мүмкін деп болжайды.
ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бірыңғай сағат белдеуіне көшкеннен кейін Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 1-2%-ға өскенін растады. Бірақ осыған байланысты тұтынушылар шағымдана қоймаған.
Сауда министрлігі есебінше, елдегі 15 миллион адам 1 сағат кері шегерілгеніне бейімделуі тиіс. Бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне кейбір аймақтың тұрғындарының көңілі тола қоймады. Үкімет петиция қаралғаннан кейін шешім қабылданатынын мәлімдеді.