«Қазгидромет» РМК ауа райы құбылмалы болатынын қаперге салды. Жуырда солтүстік аймақта бұршақ жаууы ықтимал. Осы арада, Астана қаласын бұршақ әбігерге салғанын айта кетейік.
«Таяу күндері Қазақстанның көп бөлігіне Мәскеу аудандарындағы циклон әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Көптеген өңірде өткінші жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауады, найзағай, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін», – деп хабарлайды кәсіпорын.
Осыған қарамастан, біраз өңірде ыстық болуы мүмкін. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстігінде қапырық болады.
«Соның өзінде Қазақстанға Жерорта теңізінен өте жылы ауа түсе береді және нәтижесінде көптеген облыстарда термометрлердің бағандары күндіз +27+35°С дейін, ал оңтүстікте +35 +42°С дейін жоғарылайды», – дейді «Қазгидромет».