SpaceX төртінші сынақ кезінде Starship зымыраны мұхит бетіне қонғанын хабарлады

Жарияланды (жаңартылды )
Starship зымыраны мұхит бетіне қонуы сәтімен жүзеге асты /Фото bbc.com сайтынан

SpaceX компаниясының Starship ғарыш кемесі төртінші сынақ бойынша миссияны сәтті орындады. Алып зымыран Үнді мұхитына қонды.

«Су бетіне сәтімен қону расталды! Барлық SpaceX командасын Starship-тің төртінші ұшу сынағымен құттықтаймыз!» делінген компания мәлімдемесінде.

BBC ақпараты бойынша зымыран-бустер Техастағы Бока Чика ұшыру алаңынан жергілікті уақыт бойынша 07:50-де (GMT 12:50) көтерілді.

«Көптеген (қаптау) панельдерінің жоғалғанына және қақпақтың зақымданғанына қарамастан, кеме мұхитқа «жұмсақ» қонды!», – деп жазды SpaceX негізін қалаушы Илон Маск өзінің Х әлеуметтік желісінде.

SpaceX-тің үшінші сынақта ұшырған жабдығы әуеде құлаған еді. Мамыр айында Илон Маск келесі кезеңге дайындалатынын мәлімдеді. Маск уәдесін орындады. Starship кемесі 6 маусым күні мұхит бетіне қонды.

Солтүстік Королинадағы Кентон таулары маңындағы кемпингке құлаған Crew-7 миссиясы үшін ұшқан Dragon зымыранына тиесілі модуль бөлігі табылды. Зымыран наурыз айында халықаралық ғарыш айлағынан жерге оралған.

Сондай-ақ оқыңыз